|
|
|
«Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10524 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары: мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын: «6-тарау. Этил спиртін экспортқа өткізу (тиеп-жөнелту) тәртібі 39. Этил спиртін экспорттауды этил спиртін өндіруге лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалар жүзеге асырады. 40. Этил спиртінің экспортына қауіпті жүктерді көліктің тиісті түрлерімен халықаралық тасымалдау туралы халықаралық келісімдерде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында пайдалануға рұқсат етілген көліктік қаптаманы (ыдысты) пайдалана отырып жол беріледі. 41. Осы тарау шеңберінде этил спиртін экспортқа өткізу (тиеп-жөнелту) деп жеткізушінің спирт қоймасының өлшегіштерінен спиртті ыдысқа, көлікке құю, сондай-ақ белгіленген құжаттарды ресімдеу және жеткізушінің аумағынан этил спиртімен көлікті жөнелту түсініледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |