2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (Ереван, 2019 жылғы 1 қазанда) (2019.26.09. берілген өзгерістермен)
ҚР 2021 жылғы 15 ақпандағы № 6-VIІ Заңымен ратификацияланды 2021 жылғы 15 шілдеден бастап күшіне енді
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 711 Қаулысымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 711 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) 42-бапта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері біртұтас болып табылады және тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін тұлғаларға, тауарлардың шығарылған жеріне (оның ішінде тауарлардың шығарылған жері белгісіз болған не расталмаған деп есептелген жағдайларда), мәмілелердің түрлеріне және өзге де мән-жайларға қарай өзгертілуге жатпайды. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері осы Шарттың 35, 36 және 40-баптарының, осы бабының 6-тармағының және 43-бабының, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың және Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарының ережелері ескеріле отырып қолданылады. Осы тармақтың ережелері, оның ішінде, егер тауарлармен сыртқы саудаға қатысты осы Шарттың 34-бабында көзделген неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимі қолданылмаған жағдайда қолданылады.»; 6-тармақта: бірінші абзацтағы «тарифінің» деген сөз «тарифі баждарының» деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|