Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiн Астана қаласына көшiру туралы
Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiн (бұдан әрi - Комитет) 7 адам санымен Алматы қаласынан Астана қаласына 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн көшiру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң ұсынысына келісім берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Комитеттi көшiрудi жүзеге асыру жөніндегі қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүргiзсiн. 3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Комитеттiң көшетiн қызметкерлерiне шығыстарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен өтесiн. 4. Астана қаласының әкiмдiгi 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен Комитеттiң көшетiн қызметкерлерiне қызметтiкке теңестiрілген тұрғын үй берудi қамтамасыз етсiн. 5. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi туралы ережеде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 47". 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
|