Осы редакция 2017 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015.06.11. № 3-2/980 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына 3-қосымша
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.19.01. № 15 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың кеңселері; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.19.01. № 15 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - тиісті айда квота және қаржы қаражаты болған жағдайда жиырма төрт жұмыс күні; Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|