|
|
|
Қазақстан Республикасының Халықаралық Архивтер кеңесiне мүшелiгi (ҚР Үкіметінің 2005.22.06 № 615 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Халықаралық архивтер кеңесiне кiруiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: ҚР Үкіметінің 2005.22.06 № 615 Қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне Халықаралық архивтер кеңесiнде архив iстерi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының атынан сөйлеу құқы берiлiп, ХАҚ Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының оның мүшесi болуына туындайтын мiндеттердi орындау үшiн тиiстi өкiлеттiктер берiлсiн. ҚР Үкіметінің 2005.22.06 № 615 Қаулысымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Халықаралық архивтер кеңесi мен оның органдарындағы қызметiн қамтамасыз ету үшiн жыл сайын қажеттi қаржы, оның iшiнде валюта қаржысын бөлудi көздесiн. ҚР Үкіметінің 2005.22.06 № 615 Қаулысымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне Халықаралық архивтер кеңесi мен оның органдары шеңберiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы жылына кемiнде бiр рет ақпар берiп отырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |