|
|
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қорғаныс тапсырмасын материалдық,
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының қорғаныстық қабiлетi мен қауiпсiздiгiн нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушы ұлттық, акционерлік, мемлекеттік холдинг компаниялары, кәсiпорындар мен ұйымдар меншiк нысандарына қарамастан мыналарды қамтамасыз етсiн: Қарулы күштерге, ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарына өнiм берiп тұру жөніндегі мемлекеттік қорғаныс тапсырмасын мiндеттi түрде орындауды және контрактiлер жасасуды; Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қорғаныс мұқтажы үшiн жалпытехникалық мақсаттағы өнiмдердi, қару-жарақты, техниканы және материалдық қаражатты коммерциялық делдал ұйымдарды қатыстырмай сатуды. 2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мемлекеттік қорғаныс мұқтажын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткеннен кейiн бiр апта мерзiм iшiнде өнiмдердi сатып алу және берiп тұрудың, жұмыстардың /қызметтердiң/ көлемдерiн министрлiктерге, ведомстволар мен контрактi жүйесіндегі ұйымдарға /орындаушыларға/ жеткiзiп отырсын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қорғаныс тапсырысының мемлекеттік тапсырыс жасаушыларының мәлiмдеген қорғаныс өнiмiне алдын ала ақы төлеуi үшiн оларды басталған тоқсанның алғашқы онкүндiгiне тоқсандық қажеттiлiктерiнiң көлеміндегі бюджеттік қаржымен қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне қару-жарақ, әскери және арнаулы техника, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауға қажет басқа да материалдық ресурстарды сатып алуға жұмсалатын ұлттық валютаны мемлекеттік тапсырыс жасаушылар мен қорғаныс тапсырысын орындаушылардың шоттарындағы қаражат көлемiнде бiрiншi кезекте еркiн айналысқа жiберу ұсынылсын. 5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Өнеркәсiп және сауда министрлігі: пайдаланылмайтын қару-жарақты, әскери және арнаулы техниканы, басқа да материалдық ресурстарды, сондай-ақ қорғаныс кешенiнiң кәсiпорындары өндiретiн өнiмдердi сату жұмыстарын жандандырсын; қару-жарақты, әскери және арнаулы техниканы, басқа да материалдық ресурстарды сатудан түскен қаржы қаражаттарын қорғаныс пен қауiпсiздiк мұқтажына қажет өнiмдер алуға және жұмыстарға /қызметтерге/ ақы төлеуге, сонымен бiрге қорғаныс кешенi кәсiпорындарын техникалық қайта жарақтандыруға және экономикалық жағынан ынталандыруға бағытталсын. 6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Экономика министрлігі; мемлекеттік тапсырыс жасаушылармен және мемлекеттік қорғаныс тапсырысын басты орындаушылармен бiрлесе отырып қару-жарақты, әскери техниканы және басқа әскери мүлiктi сатудан түскен қаражатты жұмсау тәртібін анықтасын; мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушыларды мақсаттық дотациялар мен субсидиялар бөлу, жеңiлдiкпен кредит беру, Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген басқа да жеңiлдiктер беру арқылы экономикалық жағынан ынталандырып отырсын. 7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Республикалық ұланы Қазақстан Дизайнерлер одағымен, "Легром" Мемлекеттік холдинг компаниясымен және басқа мүдделi ұйымдармен бiрге 1994 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерi, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстерi органдары мен Республикалық ұланы үшiн мемлекеттік стильдiң Кешендi дизайн-бағдарламасының жобасын, сондай-ақ киiм, жабдық пен айырым белгiлерiнiң жобалық, техникалық және технологиялық құжаттамаларын, тәжiрибелiк-эталондық үлгiлерiн және сынақтық эксперименттiк топтамасын әзiрлесiн. 8. Қазақстанның шикiзат өнiмдерiн өндiрушiлерiне жеткiзiлген және Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен келісілген мемлекеттік тапсырыс берушiлердiң тапсырмалары мен қорғаныс тапсырысының басты орындаушыларының өтiнiмдерi мемлекеттік қорғаныс тапсырысына жатқызылсын. 9. Республикалық шаруашылық есептегi "Қазлегснабсбытторг" бiрлестiгiне уағдаластық негiзде жеңiл өнеркәсiп номенклатурасының шикiзат ресурстарының көлемiн заттай мүлiк жөніндегі қорғаныс тапсырысы орналасқан кәсiпорындар мен ұйымдарда олардың меншiк нысандарына және ведомствоаралық бағыныстылығына қарамастан реттеп отыру тапсырылсын. 10. Мемлекеттік контрактiлер жасасудан негiзсiз бас тартқан немесе қорғаныс тапсырысын орындамаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушылар осы әрекеттерiмен Қазақстан Республикасының қорғаныстық қабiлетi мен қауiпсiздiгiне келтiрген нұқсанның және жасасылмаған немесе орындалмаған контрактiнiң толық көлемiнде қаржы жағынан жауапты болады деп белгiленсiн, оның көлемiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігінiң келiсуiмен мемлекеттік қорғаныс тапсырысын жасаушылар анықтайды. 11. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1992 жылғы 24 желтоқсандағы № 394 өкімінiң 4-тармағының күшi жойылды деп саналсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |