|
|
|
«Жер реформасын жеделдету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
«Жер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 және «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 Жарлықтарына сәйкес жер рыногын және жер пайдалану құқығын қалыптастыру үшiн жер реформасын жүргiзу барысын жеделдету және жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы кәсiпорындары мен ұйымдарында жер үлестерiн дербестендiру жөніндегі жұмыстарды жеделдетсiн және таратылған немесе қайта құрылған ұжымшарлардың мүшелерiне, мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының мемлекеттік емес ұйымға қайта құрылған қызметкерлерiне, сондай-ақ зейнеткерлерге және осы шаруашылықтардың өндiрiстiк және әлеуметтiк-мәдени қызмет көрсету салаларында жұмыс iстейтiн және олардың аумағында тұратын, заңдарға сәйкес шартты жер үлесiне белгiлi құқығы бар азаматтарға 1996 жылғы 1 қыркүйекке дейiн жер үлесiне құқығы туралы куәлiктi берудi аяқтасын. 2. Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi 1996-1998 жылдар iшiнде жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жер учаскесiне меншiк құқығы, тұрақты жер пайдалану құқығы туралы актiлердi берудi қамтамасыз етсiн. 3. Облыс әкiмдерiне: 1997 жылдың аяғына дейiн облыстық және аудандық мақсаттағы қалаларда жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік басқару органдарын, оларды ұстауға кететiн шығындарын жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландыра отырып, құру; поселкелiк, ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппаратында жерге орналастыру қызметiн құру мәселесiн қарау ұсынылсын. 4. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi, ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi селолық елдi мекендердiң шекараларында аумақтардың жер-шаруашылығын орналастыруды 1996-1998 жылдарда жүргiзетiн болсын. 5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастарын және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстардың және аудандардың әкiмдерi 1996 жылы аграрлық секторда шаруашылық жүргiзудiң жаңа нысандарының қалыптасуына талдау жүргiзсiн және селода жер реформасын одан әрi жетiлдiру бағыттары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгiзсiн. 6. Қазақ акционерлік агроөнеркәсiп банкiне, Қазақстан Республикасының "Тұрғынүйқұрылысбанкi" Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкiне 1996 жылғы қыркүйектiң 1-не дейiн жер учаскелерiн және жер пайдалану құқығын кепiлге бере отырып ипотекалық кредиттеу жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн банктiк құрылымдар құру жөніндегі мәселенi қарасын және ол бойынша тиiстi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. 7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджеттiң жобаларын жасау барысында Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi бойынша республикада жер реформасын жүзеге асыруға қажеттi қаржы бөлудi көздесiн. 8. Қазақстан Республикасының Жер қатынастарын және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес жер реформасын жүргiзу, нарыққа көшу жағдайларында жер қатынастарын реттеу жөніндегі ережелердi жүзеге асыру барысы туралы түсiндiру жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында күшейтетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |