|
|
|
Жатақханалардың құқықтық мәртебесiн ретке келтiру туралы (1993.21.10. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Жатақханалардың құқықтық мәртебесiн ретке келтiру және оларда тұратын адамдарды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: ҚР Министрлер Кабинетінің 1993.21.10. № 1043 қаулысымен 1-тармақ өзгертiлдi 1. Қазақстан Республикасы Тұрғын үй кодексiнiң 129 бабын бұзу арқылы шағын отбасыларына арналған жатақхана ретiнде пайдаланылатын тұрғын үйлердегi пәтерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекешелендiруге жатады деп белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Қазақ ССР Заңының 25 бабының 5 тармағы негiзiнде жасалған мемлекеттік кәсiпорындарды жекешелендiру барысында жатақханаларды беру туралы шарттарды заңда белгiленген тәртiппен қайта қарайтын болсын. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қолданылып жүрген заңдарға және нормативтiк актiлерге жатақханалардың мәртебесiн айқындайтын толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы ұсыныс табыс етсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |