|
|
|
Уран өнiмiн экспортқа шығару туралы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң «Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы» 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) және «Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөніндегі Ұлттық оператор туралы ереженi бекіту туралы» 1997 жылғы 26 қарашадағы № 1659 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом компаниясы» жабық акционерлік қоғамына «КАТЭП» атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөніндегі ұлттық акционерлік компаниясы, «Үлбi» мемлекеттік холдинг компаниясы мен «NUKEM,Jnc» компаниясы арасындағы 1996 жылғы 21 ақпандағы келісім-шартқа және аталған келісім-шартқа «КАТЭП» акционерлік қоғамы, «Үлбi» металлургия зауыты» акционерлік қоғамы мен «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом компаниясының арасындағы 1997 жылғы 18 желтоқсандағы және «КАТЭП» акционерлік қоғамы, «Үлбi» металлургия зауыты» акционерлік қоғамы мен «NUKEM, Jnc» компаниясының арасындағы 1997 жылғы 18 желтоқсандағы қосымша келісімдерге орай СЭҚ ТН коды 2844 180000 килограмм байытылған (U235 бойынша 3,0 проценттен 4,5 процентке дейiн байытылған) уран өнiмiн әкетуге рұқсат етiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі көрсетiлген мөлшердегi өнiмдердi белгiленген тәртiппен әкетуге «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом компаниясына лицензиялар берсiн. 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 18 сәуірдегі № 181 өкімінiң күшi жойылған деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |