|
|
|
«Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 12 қазандағы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi реформалау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 12 қазандағы № 4114 Жарлығын iске асыру мақсатында: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Энергетика, индустрия және сауда министрлігі: қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзудi қамтамасыз етсiн; тиiстi ведомстволар мен өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң штат санын қысқартудың есебiнен өзiнiң штат санын қысқарту, осы штат санын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігіне беру жөнiнде екi апта мерзiм iшiнде ұсыныстар енгiзсiн; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігіне оған жүктелген мiндеттердiң және берiлетiн штат санының көлемiнде қажеттi материалдық-техникалық құралдар мен өзге де мүлiктi берсiн. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі, Қаржы министрлігі және Энергетика, индустрия және сауда министрлігі екi апта мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай ұсыныстарды енгiзсiн: өз құрылымдары мен ережелерiн, сондай-ақ тиiстi ведомстволардың құрылымдары мен ережелерiн бекіту туралы; қолданылып жүрген заңдарды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған актілерін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi реформалау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 12 қазандағы № 4114 Жарлығына сәйкес келтiру туралы. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң қызметiн қаржыландыруды 1998 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң және Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң қайта ұйымдастырылатын ведомстволары мен құрылымдық бөлiмшелерiн ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен қамтамасыз етсiн. 4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсiн. Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |