|
|
|
Заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында лотереялар (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыруға және өткiзуге мемлекеттік лицензиялар беру туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қарашадағы № 3223 өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 103 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 2, 22-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының аумағында лотереялар (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткiзуге мына заңды тұлғаларға мемлекеттік лицензиялар берiлсiн: «Қазақстан» кәсiподақтардың дене тәрбиесi-спорт қоғамы» қоғамдық бiрлестiгi; «Парасат-Инвест» фирмасы - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi; «Қазақстан лотереясы» жабық акционерлік қоғамы; «Жол қозғалысының қауiпсiздiгi ассоциациясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi; Павлодар облысының аумағында «Қалалық мәдениет бөлiмi» мекемесi. 2. ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.12.23. № 1328
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |