|
|
|
Мұнай өнiмдерiне бағаны босату туралы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Бәсекелестiктi одан әрi дамыту және мұнай өнiмдерiн сатумен айналысатын шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлер үшiн бiрдей жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Республиканың мұнай өңдейтiн зауыттары мен "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттік акционерлік компаниясының кәсiпорындары мұнай өнiмдерiн 1994 жылдың 7 қарашасынан бастап еркiн бағамен сататын болсын. 2. "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттік акционерлік компаниясының кәсiпорындары 1994 жылдың 7 қараша айындағы жағдай бойынша 1994 жылдың 7 қарашасына дейiн 1,6 коэффициентте реттелетiн бағамен сатылған мұнай өнiмдерiнiң қалдығын түгендеп, қайта бағаласын. Айырма сома өздерiнiң айналым қаржыларын толықтыруға бағытталсын. 3. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi мұнай өңдейтiн және мұнаймен жабдықтайтын кәсiпорындардың шығарған және сатқан мұнай өнiмдерiне арналған бағаларға бақылау жасауды "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қазандағы № 1171 қаулысында көзделген тәртiпте жүзеге асырсын. 4. "Энергия көздерiнiң бағасын мемлекеттік реттеу және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтердiң қымбаттауына байланысты халықты әлеуметтiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 қаңтардағы № 68 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 2, 29-бап) 5-тармағының; "Энергия көздерiнiң мемлекеттік реттелетiн бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 тамыздағы № 678 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 32, 368-бап) 3-тармағындағы 2 абзацтың; "Энергия ресурстарына бағаны босату және қызмет көрсетудiң кейбір түрлерiнiң тарифтерiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 наурыздағы № 288 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 15, 145-бап) 3 және 4-тармақтарының; "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 наурыздағы № 288 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 7 қыркүйектегi № 1003 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |