|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы №
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 25 наурыздағы № 259 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 желтоқсандағы № 1358 қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының Атқарушы дирекциясы мен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң әкiмшiлiк ғимараты айналасындағы аумақты көркейтуге 1998 жылға көзделген қаражатты Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры Атқарушы дирекциясының пайдаланбауына байланысты Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Ресиубликасының Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының және Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 68 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 2, 17-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 5-тармақтың төртiнші абзацындағы "тарату iс-шаралары" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң ғимараты айналасындағы аумақты көркейту жөнiндегі жұмыстар орындалғаннан, көлiкжай күрделi жөнделгеннен және" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастан күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |