|
|
|
Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй ғимараттарындағы үй-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін рұқсат алу рәсімдерінен өтудің бірыңғай республикалық ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
"Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" 1993 жылғы 22 қазандағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы және "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығын қорғау туралы" 1998 жылғы 27 сәуірдегі Жарлықтарын одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті жобалау, жұмыстар жүргізу және пайдалану кезінде құрылыс нормалары мен ережелерін, өзге де нормативтік актілердің сақталуын қамтамасыз етуді және тұрғын ғимараттарындағы үй-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін рұқсат алу рәсімдерінен өтеудің ықшамдалған тәртібін көздейтін бірыңғай республикалық Ережелерді (бұдан әрі - Ережелер) әзірлесін, белгіленген тәртіппен бекітсін және қолдануға енгізсін. 2. Жергілікті атқарушы органдар өздерінің бұрын қабылдаған шешімдерін Ережелерге сәйкестендірсін және жергілікті жерлерде олардың барлық мүдделі тұлғалар үшін ашықтығын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |