Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымынжетiлдiру туралы
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының жүйесiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтiру, оның құрылымын жетiлдiрiп, қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Мыналар таратылсын: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi; 2) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы; 3) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитет; 4) Қазақстан Республикасының білім министрлігі жанындағы Кәсiптiк-техникалық білім беру жөніндегі комитет; 5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Лизинг жөніндегі департамент; 6) Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы. 2. Мыналар құрылсын: 1) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi, оған таратылып отырған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының және Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабының мүлкi мен iстерiн басқару өкiлеттiгi берiлсiн; 2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi, оған таратылып отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiнiң мүлкi мен iстерiн басқару өкiлеттiгi берiлсiн; 3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық, оның қарауына Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің есеп айырысу-кассалық орталықтары берiлсiн. 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Кеден комитетi; 2) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|