|
|
|
Өткен жылдардағы егiн орағы астығының қалдықтарын және оның мемлекеттік
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. 1995 жылдың 1 тамызындағы жай-күй бойынша жүргiзiлген түгендеудiң қорытындысы және жасалған жауапты сақтау шарттары бойынша мемлекеттік ресурстағы астық пен астық өнiмдерiнiң қалдықтары Мемлекеттік азық-түлiк контрактiлi корпорациясының (бұдан әрi - Корпорация) иелiгiне берiлсiн. Аталған астық және астық өнiмдерiнiң сақталуына шартты Корпорациямен қайта жасау кiтапшалардағы қалдықтар бойынша жүргiзiлгенi ескерiлiп, жұмсалған партиялар бойынша түпкi нәтиже Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Республикалық астық инспекциясының есептеу актiсiмен бекітілсiн. Корпорация мемлекеттік ресурстағы астық пен астық өнiмдерiнiң осы Корпорацияға берiлуiне байланысты "Астық" акционерлік компаниясының мiндеттемелерi бойынша құқықтық мұрагерi болып табылады. 2. Мемлекеттік ресурстағы астық пен астық өнiмдерiнiң сатылған партиялары үшiн 1995 жылдың 15 қыркүйегiнен бастап мiндеттi алдын ала төлем жасау белгiленсiн. Олар тек қана Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiппен Корпорация беретiн жiберу құжатымен берiлсiн. 3. Мемлекеттік ресурстағы астық пен астық өнiмдерiн сақтайтын кәсiпорындардың басшылары олардың қолда бары, қозғалысы және сандық-сапалық сақталуы туралы Корпорацияға ай сайын есеп берiлуiн қамтамасыз етсiн. 4. Мемлекеттік ресурстағы астық және астық өнiмдерiнiң нысаналы пайдаланылуына және оларды астық қабылдау кәсiпорындары сатқан кезде сатып алынған астықтың құны мөлшерiнде қаржы сомасының бюджетке уақтылы қайтарылуына Корпорация қатаң бақылау орнатсын. Жергiлiктi әкiмдер мемлекеттік ресурстағы астық және астық өнiмдерiне қызмет көрсету және олардың сақталуы, қозғалысы, бюджетке қайтарылуы жөнiнде Корпорация мен астық қабылдау кәсiпорындарына тұрақты түрде жәрдем берсiн. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi: Корпорация өзiне жүктелген мiндеттердi шешу үшiн бюджеттік ұйымдар үшiн қарастырылған мүлiктi жалға алу шарты мен төлем нысанында оған қажеттi үй-жай мен мүлiктiң тиiстi бөлiгi берiлiп, Корпорацияның аппараты бiр апта мерзiмде: Алматы қаласы, Төле би көшесi, 73 А мекен-жайы бойынша орналастырылсын, сондай-ақ Корпорацияның облыстардағы өкiлдiктерiн орналастыру мәселесiн шешсiн; аталған үй-жайлар мен мүлiктердi "Астық" акционерлік компаниясының жарғы қорынан шығарып, оларды кейiн Мемлекеттік азық-түлiк контрактiлiк корпорациясының балансына беру мәселесiн екi ай мерзiмде шешсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |