|
|
|
Қазақстан Республикасында Экологиялық зиянды пестицидтердi пайдалануға
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 29 қаулысымен күші жойылды
Қоршаған ортаның, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң ластануын, сондай-ақ пестицидтердiң адамдардың денсаулығы мен жануарлар дүниесiне зиянды ықпалын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi: 1. Қазақстан Республикасында кумулятивтi, канцерогендi, мутагендi, теротегендi, эмбрио және гонадоуытты қасиеттерiмен сипатталатын және өсiмдiктерге, топырақ пен суға жинақталу мүмкiндiгi бар жоғары уытты пестицидтердi пайдалануға тыйым салынсын. 2. Пестицидтердi пайдалануға тыйым салу мен тiркеудi тоқтату жөніндегі шешiмдi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң, Экология және биоресурстар министрлігінiң ұсынуы бойынша, сондай-ақ БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасының (ЮНЕП) Халықаралық әлеуеттi уытты химиялық заттарды тiркеу деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондар мен ауыл-шаруашылығы өсiмдiктерi және орман екпе ағаштарының өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөніндегі республикалық комиссия қабылдайды. 3. Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшiн тыйым салынған немесе жарамсыз деп танылған пестицидтер мiндеттi түрде көмiлуге немесе жойылуға тиiс. Бұл орайда тыйым салынған препараттарды көму немесе жою олардың иелерiнiң қаржысы есебiнен жүргiзiледi. 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Экология және биоресурстар министрлігі төрт ай мерзiмде тыйым салынған және жарамсыз күйге ұшыраған пестицидтер мен олардың, ыдыстарын көму немесе жою тәртібі жөніндегі Нұсқауды әзiрлеп, бiрлесе отырып бекiтсiн. 5. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тыйым салынған немесе жарамсыз күйге ұшыраған пестицидтердi көмуге немесе жоюға бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігіне және Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсiн. 6. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi ауыл және орман шаруашылықтарында қолдануға тыйым салынған пестицидтердiң республика аумағына әкелiнуiн тоқтату жөнiнде шаралар қабылдасын. 7. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесе отырып тиiстi облыстар әкiмдерiнiң жәрдемдесуiмен 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде республика аумағында қолда бар тыйым салынған және жарамсыз күйге ұшыраған пестицидтер мен олардың ыдыстарын түгендеудi, өткiзудi қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |