|
|
|
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы
Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 маусымда бекіткен Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның 18-бабына сәйкес, жоғарыда аталған Конвенцияның орындалуы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымына баяндама тапсыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндама бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитетіне аталған Конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы жіберсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |