Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы туралыереже
ҚР Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 23 мамыр № 08-1-1-1/201 бұйрығымен күші жойылды
I БӨЛIМ
1 тарау. Жалпы ережелер
1.1. Кейбiр консулдық қызметтiң орындалуы баратын елiнiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі тағайындаған Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулдарына тапсырылуы мүмкiн. Құрметтi (штаттан тыс) консул өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне, барған елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi мен консулдық мекемелерiне бағынышты. 1.2. Қазақстан Республикасының шет ел мемлекетiнде құрметтi (штаттан тыс) консулы болып тек қана осы мемлекеттік азаматы тағайындалуы мүмкiн. Осымен бiрге Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы қоғамды белгiлi бiр орны, жеке басында қажеттi iскерлiк және моральдық қасиеттерi бар, өзiне жүктелген консулдық қызметтердi ойдағыдай орындап шыға алатын адам болуы керек. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы басқа мемлекеттiң құрметтi (штаттан тыс) консулы бола алмайды. 1.3. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметiнде қызмет атқара алмайды. 1.4. Құрметтi (штаттан тыс) консул мынадай қызметтердi атқарады: - өзiнiң консулдық аймағында Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi; - Қазақстан Республикасының өзi барған елмен достық қатынастарын дамытуға, сауда-экономикалық байланыстарын және туризмдi кеңейтуге жәрдемдеседi; - өзi барған елде Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi мен консулдық мекемелерiнiң қызметiне қажеттi жәрдем көрсетедi; - өзi барған елдiң үкіметімен консулдық қызмет мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимылды қамтамасыз етедi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|