|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы
ҚР Үкіметінің 2007.11.06. № 480 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Шетелдiк жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелерi жөніндегі тәртiптердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ПYКЖ-ы, 1999 жылғы № 29, 280-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген, Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия берудiң тәртiптерiнде: 20 және 21-тармақтардың бiрiншi абзацтарында: «жұмыс күшiн тартуға» деген сөздерден кейін «және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару қызметiне» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген, Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек және кәсiптiк қызметін жүзеге асыруының тәртiптерiнде: 2-тармағы «шетелдiктер» деген сөзден кейiн «(Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғаның құрылтайшыларын қоса алғанда)» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында олар берiлген лауазымдар шеңберiнде қолданылады"; 9-тармақтың 1) тармақшасы "немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келісімдердiң шеңберiнде сарапшы болып табылатын болса" деген сөздермен толықтырылсын; 2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |