|
|
|
Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімнің ҚР Үкіметінің 2008.05.02. № 104 Қаулысымен күші жойылды
"Қару-жараққа, әскери техникаға және екіұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына сәйкес, экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімнің тізімі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап үш айдан кейін күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1282 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімдердің тізімі Тiзiмде пайдаланылатын терминдердiң анықтамалары Жақшаларда осы терминдер қолданылатын Тiзiмнiң санаттары келтірiледi. "Мақсатты автоматты сүйемелдеу" (6)- мақсаттың уақыттың нақты ауқымындағы мейлiнше ықтимал жағдайының экстраполироволды мәнiнiң шығу сигналы ретінде автоматты түрде айқындайтын және қамтамасыз ететiн өңдеу әдiсi. "Бейiмделгiш басқару" (2)- оның жұмыс iстеу уақытында өлшенген, параметрлерге (шарттарға) сәйкестікке ыңғай танытатын жауап (ISО 2806- 1980). "Ұшуды басқарудың белсендi жүйелерi" (7) - бiрнеше өлшеу бергiштерiнiң шығу сигналдарын дербес өңдеу арқылы "ұшу аппаратының" және ракетаның қолайсыз ауытқуларын немесе құрылымдық жүктемелерiн болдырмау үшiн және автоматты бақылауды жүзеге асыру мақсатында қажеттi ескерту командаларын беру үшiн жұмыс істейтін жүйелер. "Белсендi пиксель" (68) - жарықтық (электромагниттік) сәулелену әрекеті кезiнде фотоэлектрлiк беру функциясына ие қатты денелi тордың ең аз (жалғыз) элементі. "Сигналдарды талдауыш" - көп жиiлiктi сигналдың бiр жиiлiктi модасының негізгі сипаттамаларын өлшеуге және бейнелеуге арналған аппаратура (3-Санат). "Берудiң асинхронды режимi" ("БАР") (5) - ақпарат ұяларға топтастырылатын беру режимі; бұл режим ұялардың қайталанушылығы деректердi берудiң талап етілетiн немесе сәттік жылдамдығына байланыстылығы тұрғысында асинхронды болып табылады. "БАР" - "Берудiң асинхронды режимi". "Ауыспалы геометриялы аэродинамикалық бейiндер" (7) - жай-күйi ұшуда реттелiнетiн жабуларды не триммерлердi, не жабық алдындағыларды немесе тұмсық бөлiгiнiң бұрышын шарнирлі реттеудi қолдану. "Соғу" (2) - айналаның сыртқы немесе iшкi үстiңгі бетiнде өлшеу нүктесiнде шпинделдiң перпендикулярлы білігінiң жазықтығында өлшенген негiзгi шпинделдiң бiр айналымдағы радиялды өзгеру (көзi - ISО230/1-1986, 5?61) "Жіп" - "жалғыз талшықты" байланыстырушы, әдетте паралельдiкке жақын (1-Санат). "Қоғамдық салада" (бүкiл Тiзiм) - одан әрi таралуына шектеу қойылмайтын "технологияны" немесе "бағдарламалық қамтамасыз етуді" бiлдiредi (авторлық құқықтарға байланысты "технологияны" немесе "бағдарламалық қамтамасыз етудi" жалпы қол жететiн санаттан шығармайтын шектеулер). "Вакцина" (1) - адамдардың немесе жануарлардың сырқаттануын болдырмау үшiн қорғаныштық иммуннологиялық әрекетiн ынталандыруға арналған дәрiлiк зат. "Вакуумдық тозаңдану" (1) - қорытпа ағынының вакуумның әрекет етуi кезiнде сұйық газ бөле отырып 500 мкм немесе одан кіші диаметр тамшыларға тозаңдану процесі. "Өзара байланысты өлшемді РЛС" (6) - екi немесе одан көп өлшемдiк РЛС уақыттың нақты ауқымында ақпараттармен өзара алмасқан жағдайда өзара байланысты деп есептеледi. "Iшкi магнитті градиометр" (6) - магниттік өрiстiң градиентiн өлшейтiн бөлек элемент және онымен байланысты электронды блок, оның шығу сигналы магниттік өрiстiң градиентiнiң өлшемi болып табылады. Ерекше ескерту: сондай-ақ "магниттік градиометрдi" қараңыз. "Iшкi қаптау" (9) - қатты ракета отыны мен корпусының немесе оқшаулымы қаптаудың арасындағы үстiңгі бет. Әдетте бұл отқа төзiмдi немесе оқшауламалық материалдардың негiзіндегі сұйық полимер, мысалы, түпкi корбоксилдi топтарымен көмiртегi толтырылған полибутадиен (КТКП) немесе тозаңданатын немесе вулканизациялық қоспалармен корпустың ішіне орналастырылған басқа полимер. "Талшықты немесе жiп тәрiздес материалдар" (0,1,8) - мыналарды қамтитын материалдар: а. Бiрыңғай "жіптер"; б. Бірыңғай тоқыма және ұршық; в. "Жол жiптер", маталар, өздiгінен болған құрылымның кездейсоқ торшалары мен таспалары; г. Мақта мата және зығыр кендi талшықтары; д. Кез келген ұзындықтағы армирлейтін талшықтар, жалғыз және көп кристалдiлер; е. Хош иiстi және полиамидтi целлюлоза; "Негізгi қисындық элементті кiдiрту уақытты" (3) - "тұтастай құйылған интегралдық схемалардың" "үйiрiнде" пайдаланылатын негiзгi қисындық элемент арқылы сигналдың тиiсті өтуiне кiдiрту уақыты. Ол осы "отбасы" үшін немесе сигналдың өтуінің кідірту уақыты арқылы үлгілік қисындық элемент арқылы не қисындық элементтiң өтуiнiң кiдiруiнiң үлгiлiк уақыты арқылы айқындалуы мүмкiн. Ерекше ескерту: "Негізгi қисындық элементтің кiдiру уақытын" күрделi "тұтас құйылған интегралдық" схемалардың шығу және кiру сигналдарының арасындағы кідіру уақытымен шатыстырмау керек "Кең ауқымды үзiлудiң латенттілiгiнiң уақыты" (4)- компьютерлiк жүйе қандай да бiр болмасын оқиғалардың салдарынан болатын үзiлiстi танитын, үзiлiске қызмет көрсететiн және үзiлудi күте отырып жадта резиденттік күйде болатын басқа мiндетті өңдеуге контекстiк көшудi орындайтын уақыт. "Жиiлiктi қосу уақыты" (35) - мынадай сипаттамалардың кез келгенiне қол жеткізу үшiн бiр жиiлiктен басқасына қосылуы кезiнде шығу сигналына талап етiлетiн барынша көп уақыт (мысалы, кiдiру): а. Оның түпкi мәнiнен 100 Гц шегіндегі жиiлiк; немесе б. Түпкi мәнiнiң деңгейiнен 1 дБ шегіндегі деңгей; "Орнығу уақыты" (3) - шығу сигналына өзгергiштiң кез келген екi деңгейiнiң арасында қайта iске қосылу кезiнде оның түпкi мәнiнен биттiң жартысының деңгейiне қол жеткізу үшiн талап етілетiн уақыт. "Есептеу элементi" (4) - арифметикалық немесе қисынды әрекеттердi орындайтын ең аз есептеу бiрлігі. "ЕЭ" - "есептеу элементi". "Газдық тозаңдану" (1) - балқытылған металл қорытпаның ағынының жоғары қысымдағы газдық ағында 500 мкм немесе одан кiшi диаметрдегi тамшыларға тозаңдану процесi. "Буданды интегралды схема" (3) - интегралдық схемалардың немесе "схема элементтерi" немесе "дискреттi компоненттерi " бар, белгiлi бiр функцияларды орындау үшiн бiрге құрамдастырылған және барлық мынадай сипаттамаларға ие интегралды схеманың өздiгiнен болатын комбинациясы: а. Кем дегенде бiр корпуссыз құрылғысы бар; б. Компоненттер бiр-бiрiмен интегралдық схемалар өндiрiсiнiң үлгiлiк әдiстерiн пайдалана отырып қосылады; в. Бірыңғай тұтастық ретінде ауыстырылады; және г. Қалыпты жағдайда бөлшектенуге жатпайды. Ерекше ескерту: 1. "Схема элементі" бөлек белсендi немесе электрондық схеманың пассивті деталi, бiр диод, транзистр, резистр, конденсатор және осы секiлдiлер. 2. "Дискреттi компонент" - өзiнiң сыртқы шығуларымен бөлек корпустағы "схеманың элементі". "Будан ЭЕМ" (4) - мынадай барлық функцияны орындауға арналған жабдық: а. деректердi қабылдау; б. ұқсас, сондай-ақ сандық көрiнiстерде де деректерi өңдеу; және в. деректердiң шығуын қамтамасыз ету. "Ғарышта қолдану үшiн жарамды" (6) - 100 км немесе одан астам биiктiктерде жұмыс iстейтiн спутниктердi немесе биiктiкті ұшу аппараттарын ұшыру және өрiстету кезiнде қолдануға арналған жұмыс iстеу шартында арнайы электрлiк және механикалық талаптарға немесе жұмыс iстеу талаптарына сәйкестiкке жобаланған, жасалған және сынақтан өткiзiлген жабдық. "Ыстық изостаттық модификация" (2) - құйылатын нысандарда iшкi жақтауларды төмендету немесе жою үшiн барлық бағыттар бойынша тең күштер құруға арналған түрлi орта арқылы (газ тәрiздi, сұйық, қатты бөлшектер және басқалар) дерметикалық көлемде 375 К (102 0 С) жоғары температура кезiнде құйылатын қалыптарды сығымдау процесi. "Қатысушы мемлекет" (7,9) - бұл Вассенар Уағдаластығының қатысушысы болып табылатын мемлекет. "Азаматтық ұшу аппараттары" (1,7,9) - коммерциялық азаматтық iшкi және сыртқы авия желiлерде немесе заңдастырылған азаматтық жеке меншiк пайдалануға арналған немесе бизнес мақсаттары үшiн ұшуға жарамды жарияланған сертификацияланған ұшу жарамдылығының тiзiмдерiнде белгiленген сәйкестiкке саналамаланған "ұшу аппараттары". Ерекше ескерту: Сондай-ақ "ұшу аппараттарын" қараңыз. "Ұшуды басқару жүйесiнiң оптикалық бергiштер тобы" (7) - "лазердiң" сәулесiн пайдаланатын нақты уақытта бортта өңдеу үшін ұшуды басқарудың деректерiн қамтамасыз ететiн бөлiнген оптикалық бергіштердiң желісі. "Қысым бергiштерi" (2) - электр сигналында қысым өлшемдерiн түрлендiруге арналған құрылғылар. "Деформацияланатын айналар" (6) - (сондай-ақ адаптивтi оптикалық айналар белгілi ретiнде) - мыналар бар айналары: а. Yстiңгі бетiн бiр үздiксiз оптикалық көрсететiн үстiңгі бет, ол жекелеген күш қолдану немесе айнаға құлайтын оптикалық сигналдың бұрмалануларын өтеу үшін бұрайтын сәттер арқылы серпiндi түрде деформацияланады; немесе б. Көп элементтi оптикалық гидрлегiштер, олардың күйi бөлек және тәуелсiз жекелеген күш қолдану немесе айнаға құлайтын оптикалық сигналдың бұрмалануларын өтеу үшiн бұрайтын сәттер арқылы өзгередi. "Динамикалық адаптивтiк маршруттау" (5) - желiнiң жұмысының ағымдағы жағдайларын өлшеу мен талдаудың негiзінде хабарлауларды берудiң маршрутын автоматты түрде өзгерту. Ерекше ескерту: Алдын ала бар болған ақпараттың негiзінде хабарлауларды берудiң маршрутын өзгерту туралы шешімдер жағдайы бұған кiрмейдi. "Сигналды динамикалық талдауыштар" (3) - "сигналдың талдауыштары" олар оның амплитудасы мен фазасы туралы ақпаратты қоса алғанда осы сигналдың фурье-спектрiн алу үшiн сигналдың сандық таңдалымын және оны түрлендiру әдiстерiн пайдаланады. Ерекше ескерту: Сондай-ақ "сигналдың талдауыштарын" қараңыз "Диффузиялық пісiру" (1,2,9) - қатты денелi молекулярлық қосылыс, кем дегенде мейлiншік әлсiз материалдың байланыс күшiне баламды жалпы күшпен бірыңғай бiртұтас екi металл. "Импульстiң ұзақтығы" (6) - импульстың толық ұласуынан жартысы бойынша өлшенген лазердi зерделеу импульсының ұзақтығы. "Дайындамалар" (6) - тұтастай құйылған массалар, олардың мөлшерi айна немесе мөлдiр оптикалық терезелер секiлдi оптикалық элементтердi өндiруге сай келедi. "Ақпараттарды қорғау" (4,5) - ақаулықтардың алдын ала алатын құралдар мен функцияларды қоспағанда ақпараттың немесе байланыстың қол жетiмдiлiгін, құпиялығын немесе бүтiндiгiн қамтамасыз ететiн барлық құралдар мен функциялар. Оған "криптография", "криптоталдау", өзiнiң шағылысуынан қорғау және компьютердi қорғау кіредi. Ерекше ескерту: "Криптоталдау": криптографиялық жүйелердi немесе ашық мәтiндi қоса алғанда құпия параметрлердi немесе сезiмтал ақпаратты алу мақсатында оның кiру және шығу сигналдарын талдау. "Синхронды цифрлық беру иерархиясы" (5) - ортаның түрлi үлгілерi бойынша синхронды берудiң форматын қолдана отырып цифрлық трафиуттiң түрлi нысандарын басқаруға, тығыздауға және қол жеткізуге арналған құралдарды қамтамасыз ететін сандық берудiң иерархиясы. Формат МККТТ G 703, G 708, G 709 және басқалардың ұсынымдарымен айқындалған, әлi жарияланбаған синхронды берудiң транспорттық берудiң модулiне негізделген. Синхронды цифрлық берудiң иерархиясындығы бiрiншi деңгей 155,52 М битт/с "Майдалау" (1) - ұсақтау немесе себу арқылы материалдың пайдалану процессi. "Оқшауландырылған тiрi дақылдар" (1) - активтi емес түрдегі және құрғақ препараттар түрдегі тірi дақылдарды қамтиды. "Оқшаулау" (9) - ракетаның двигателiнiң компоненттерiне (корпус, сопла, кiру тесiгі, корпустардың қақпақтары) қолданылады және термо өңделген немесе жартылай термо өңделген толтырылған каучукты жапырақты материалды қамтиды. Бұған, сондай-ақ амортизациялық жапсырмалар немесе ашпалы есiктер де кiредi. "Изостатикалық нығыздаулар" (2) - дайындамаға барлық бағыттар бойынша осы герметикалық көлемнің осының ішінде қысымға тең герметикалық көлем жасау үшiн түрлi орталарда (газ, сұйық, қатты бөлшектер және басқалар) герметикалық көлемде нығыздауға қабiлетті жабдық немесе материал. "Иммунды токсиндер" (1) - сырқат клеткаларға iрiктемелi түрде әсер ететін бiр клеткалы көп каналды антиденелермен "токсиндердiң" немесе "қосалқы токсиндердiң" коньюганты . "Инструменталды қашықтық" (6) - радардың әрекетінiң бiр мәндi айқындалатын қашықтығын. "Yш өлшемдi векторлардың қарқындылығы" (4) - 10 пиксильден жартылай векторларға жататын, шектеулiлiкке тексерiлген, Х-Y-Z координаттар мен мәнiмен кездейсоқ түрде бағдарланған, тұтастай ауыспалы не қалқымалы нүктемен ауыспалы көрiнетін (олардың қайсысы болмасын барынша жоғары қарқындылыққа сәйкес келмесе де) секундта туатын векторлардың саны. "СЦБИ" - "синхронды цифрлық берудiң иерархиясы". "ДЫА"- (дөңгелекті ықтималды ауытқу) (7) - дәлдiктi өлшейтiн шама; шеңбердiң радиусы, оның орталығында белгiлi бiр қашықтықта нысаны болады, онда 50% пайдалы жүктеме жұмыс iстейдi. "Комутациялайтын құрылғы" (5) - аппаратура және хабарларды беру кезiнде комутацияланатын жүктеме үшiн физикалық немесе виртуальды қосалқы мүмкiн ететін онымен байланысты бағдарламалық қамтамасыз ету. "Композициялық материал" (1,2,6,8,9) - толтырғыштарды, талшықтарды немесе белгiлі бiр мақсатқа немесе мақсаттарға арналған олардың кез келген үйлесiмін армейлейтін бөлшектерден тұратын" матрица" қосымша фаза немесе қосымша фазалар. "Желiге қол жеткiзетiн контролер" (4,5) - комутациялық желiмен бөлiнген физикалық интерфейс. Ол берудi басқара отырып (мысалы контролердi немесе әкеле жатқанды табуды) сандық берудiң бiрдей жылдамдығы кезiнде жұмыс iстейтiн жалпы ортаны пайдаланады. Ол кез келген басқаға қатыссыз өзiне бағытталған деректер пакетiн немесе деректер топтарын таңдайды (мысалы, IEEE802). Бұл компьютерге қондырылатын блок, немесе жүйеге қол жеткізудi қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялық жабдық. "Байланыс каналының контролерi" (5) - синхронды немесе асинхронды цифрлық ақпараттың ағынын бақылайтын физикалық интерфейс. Бұл компьютерге қондырылатын блок, немесе жүйеге қол жеткізудi қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялық жабдық. "Контурлық басқару" (2) - келесi талап етілетiн жағдайды және осы жағдайға берудiң талап етілетiн жылдамдылығын айқындайтын нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылатын "цифрлық басқарудағы" екi немесе одан көп біліктер бойынша қозғалыс. Бұл беру жылдамдықтары бiр-бiрiмен байланыста болады, бұл негізгi контурды түзедi (қараңыз, ISО/DISС 2806-1980). "Ғарыштық аппараттар" (7,9) - белсендi және пассивтi спутниктер мен зондтар. "Криптография" (5) - оның мазмұнын жасыру, түрлi өзгеруiн немесе рұқсат етiлмеген пайдалануды болдырмау мақсатында ақпарат ты түрлендiрудiң принциптерiн, құралдары мен әдiстерiн қамтитын тәртiп. "Криптография" бiр немесе одан көп "құпия параметрлердi" пайдаланылатын ақпараттың түрленуi мен (мысалы, криптографиялық ауыспалылық) немесе тиiсті кiлтпен басқарумен шектелген. Ерекше ескерту: "Құпия параметрi" - адамдардың белгілi бiр тобына белгілі және басқа адамдардан жасырылған константа немесе кілт. "Сындық температура" (1,3,6) (кейде көшу температурасы деп аталады.) Белгiлі бiр "өткізуден тыс материал" - материал электр тоғының өтуiне қарсыласуын толық жоғалтатын температура. "Жұдырықтық тиiмдiлiк" (экстрицентритент) (2) - шпиндельдiң үстiрт айналуына өлшену нүктесіндегі шпиндельдiң планшайбесiне перпендикуляр тегістiкте өлшенген негізгі шпиндельдiң бiр айналымындағы біліктiк қозғалу. (қараңыз ISО 230/1-1986, f5, 63) "Лазер" (0,2,3,5,6,7,8,9) - компоненттердiң жиынтығы, ол кеңiстiкте де, сондай-ақ уақыт бойынша да сәулеленудiң ынталандырылған эмиссиясы арқылы күшейтілетiн когеринтті жарықтық сәулеленудi жасайды. Ерекше ескерту: Қараңыз, сондай-ақ: "Химиялық лазер"; "Мықтылығының модуляциясы мен лазер"; "Аса жоғары қуатты лазер"; "Қайта құрылатын лазер"; "Мықты модуляциялы лазер" (6) - энергия орналасу инверсиясында немесе оптикалық резонаторда жиналатын және импульстiк режимде кейiн сәулеленетін лазер. "Аса жоғары қуатты лазер" (6) - 50 мс iшiнде 1 кдж астам энергияны сәулелендiруге қабiлеттi (жалпы немесе iшiнара) немесе 20 квт астам үздiксiз қуаты бар лазер. "Таспа" (1) - алдын ала қарамай сiңiрiлген кезек келiп тұратын немесе бiр бағыттағы "моноталшықтардан", "жiптен", "үйiрмелерден, "арқаншалардан" немесе "шүйкелерден" және т.б тұратын материал. Ерекше ескерту: "Шүйке" - шамамен параллель орналасқан моноталшықтардың (әдетте 200 астам) орамы. "Ұшу аппараты" (1,7,9) - тiркелген немесе қанатының геометриясы өзгеретін, айналатын қанаты (вертолет), бұрылыстық винтi немесе қанаты бар әуе ұшуларына арналған құрал. Ерекше ескерту: Қараңыз, сондай-ақ "Азаматтық ұшу аппараты". "Сызықтық" (2) (әдетте сызықтық еместiк параметрлерi арқылы өлшенедi) - шын мәнiндегі сипаттамасының барынша жоғары ауытқуы (жоғары және төменгi шкалаларының көрсеткiштерi бойынша орташа), барынша жоғары ауытқуды теңестiру және барынша азайту үшiн солай орналасқан тіке сызықтан оң немесе терiстiгi. "Локальды желi" (4) - барлық мынадай сипаттамаға ие деректердi беру жүйесi а. Тәуелсiз "Ақпараттық құрылғылар" өздiгiнен пайда болатын санына тікелей бiр-бiрiмен байланысуға мүмкiндiк бередi; және б. Орташа мөлшердегі шектеулi географиялық аймақ (мысалы, қызметтік ғимараттардың, зауыттың корпустар тобының немесе қойма үй жаймаларының шектерiнде). Ерекше ескерту: "Ақпараттық құрылғы" цифрлық деректердi жүйелi түрде беруге немесе қабылдауға қабілетi бар жабдықты білдiредi. "АЖҚЛ" - "Аса жоғары қуаттағы лазер". "Магниттiк градиентометрлер"(6) - осы приборға қатысы сыртқы болып табылатын көздердiң магниттiк өрiстерiнiң кеңiстiктiк өзгерулерiн өлшеуге арналған құрылғы. Олар көптеген "магнитометрлерден" және магниттiк өрiстiң градиентi өлшенетiн шығуындағы тиiстi электронды блоктан тұрады Ерекше ескерту: Қараңыз, сондай-ақ "Ішкi магниттiк градиентометрлердi". "Магниметрлер" (6) - приборға қатысты сыртқы болып табылатын көздердiң магниттiк өрiсiн өлшеуге арналған құрылғылар. Магниттік өрiстiң жеке өлшеу элементiнен және шығарында магниттiк өрiс өлшенетiн онымен байланысты электронды блоктан тұрады. "Масштабты коэффициент" (7) ("героскоп немесе алселерометр") - шығу сигналының өзгерiсiнiң кiретін өлшенетiн сигналдың өзгерiсiне қатынасы. Масштабты коэффициент әдетте тiк сызықтың қисаюы ретiнде бағаланады, ол берiлген диапазонның шектерiнде кiру сигналының өзгеруi кезiнде алынған деректерге сәйкес мейлiнше аз квадраттардың әдiсiмен құрылуы мүмкiн. "UҒ6 топтануына төзiмдi материалдар" (0) - мыс, топтанбайтын болат, алюминий, алюминий қышқылы, алюминий қорытпа, никель немесе 60% одан көп бар (салмағы бойынша) және бөлiну процессінің тиiсті түрiне сәйкес келетiн UҒ6-ға төзiмдi фторланған көмiр сутегiлi полимерлер. "Матрица" (1,2,3,9) - жiп тәрiздi криссталдармен немесе талшықтармен, бөлшектермен толтырылған бiрыңғай берiк зат. "Жиiлiктердiң белдеулерiнiң қағым сәттік енi" (3,5,7) - өткізу белдеуi, онда шығу сигналының қуатының деңгейi негiзгі жұмыс параметрлерiн құрусыз 3 децибель шектерiнде тұрақты түрде қалады. "Механикалық лигерлеу" (1) - нығыздау, ұнтақтау және механикалық әсер ету ауқымы ұнтақтар мен лигатуралардың жаңа қосылуының нәтижесiнде пайда болатын лигерлеу процесi. "Микроорганизмдер" (1,2) - "оқшауландырылған дақылдар" түрiндегі немесе әдейi осындай дақылдар жұқтырылған немесе ластандырылған қоректiк ортаны қоса алғанда материал ретіндегі табиғи шыққан немесе өзгерген бактериялар, вирустар, микоплазма, рекитцелер, хломиделер немесе саңырауқұлақтар. "Микропроцессордың микросхемасы" (3) - сыртқы есте сақтауда жалпы мақсаттағы командаларды жүйелi түрде орындауға қабiлетті, арифметикалық қисындық құрылғысы бар (АКҚ) "тұтастай құйылған интегралы схема" немесе "көп кристалды интегралды схема". Ерекше ескерту: 1. "Микропроцессордың микросхемасында" әдетте оперативтi жады бар қол желiлердi пайдалануға болмайды, дегенмен қисындық функцияны орындау кезiнде микросхеманың жадын пайдалана алады. 2. Осы айқындама "микропроцессордың микросхемасының" жұмыс iстеуiне арналған интегралды микросхеманың қондырғысын қамтиды. "Микрокомпьютердiң микросхемасы" (3) - iшкi жадтағы деректерге қолданымды iшкi есте сақтайтын құрылғының жалпы мақсаттағы командаларды жүйелi түрде орындауға қабiлетті, арифметикалық қисындық құрылғысы бар (АКҚ) "тұтастай құйылған интегралды схема" немесе "көп кристалды интегралды схема". Ерекше ескерту: Iшкi жад сыртқы жадпен кеңейтiлуi мүмкiн. "Көп кристалды интегралды схема" (3) - ортақ "қасықшадағы" екi немесе одан көп "тұтастай құйылған интегралды схема"
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |