|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 38, 327-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесіне: 6-тармақта: үшінші абзац «Ішкі істер министрлігіне» деген сөздерден кейін», Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші абзац «МӨҚ-ке» деген сөздің алдынан «ай сайын» деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақта: бесінші абзацта «өрттің қауіпті факторларының» деген сөздер «жанудың» деген сөзбен ауыстырылсын; жетінші абзац «жануы» деген сөзден кейін», егер олар материалдық құндылықтарды жоюға, бүліндіруге әкеп соқтырмаса және олар тікелей материалдық залал келтірмесе,»деген сөздермен толықтырылып, «есеп жүргізуге жатпайды» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен және өзін-өзі өртеу жолымен өлтірген жағдай, егер олар жанудың таралуын тудырмаса, есеп жүргізуге жатпайды.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ,
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |