|
|
|
Зейнеткерлердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Тауарлар мен қызмет көрсетуге бағаның өсуiне байланысты және зейнеткерлердi әлеуметтiк қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Зейнеткерлердi мемлекеттік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1992 жылғы 17 қыркүйектегi № 775 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. 1992 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жасы бойынша ең аз зейнетақының жаңа мөлшерi белгiленгенге дейiн жұмыс iстемейтiн зейнеткерлердiң барлық санаттарына ай сайын 500 сом мөлшерiнде бiр жолғы төлем жүзеге асырылсын. Аталған сома Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмiмен белгiленген басқа бiр жолғы төлемдерге қарамастан төленедi. 2. 1992 жылғы 1 желтоқсаннан бастап өзгенiң көмегiн қажет ететiн зейнеткерлерге, оларға күтiм жасалуына орай үстеме алатын, телефон желiсiнiң абонентi болып табылатын және басқа санаттағы зейнеткерлерге жалғызiлiктiлерге белгiленген тарифтiң 50 процентi мөлшерiнде телефон пайдаланғаны үшiн абоненттiк төлем жөніндегі жеңiлдiк белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған жеңiлдiктердiң белгiленуiне байланысты Қазақстан Республикасы Байланыс министрлігінiң шығынын өтейтiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |