|
|
|
Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 140 Қаулысымен күші жойылды Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан күштеп көшiрiлген халықтар жөнiнде тарихи әдiлеттiлiктi қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қуғын-сүргiн кезеңiнде Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшiрiлген азаматтардың төлқұжаттары мен азаматтық хал актілеріндегi ұлты туралы жазбаны ерекшелiк ретiнде, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Паспорттар мен азаматтық хал актілеріндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiн бекіту туралы" 1992 жылғы 17 тамыздағы № 684 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., № 33, 499-бап) бекітілген Паспорттар мен азаматтық хал актілеріндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiне сәйкес арнайы көшiрiлгендерге iшкi iстер органдары берген анықтамалар негiзiнде өзгертуге рұқсат етiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |