|
|
|
Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты мен импорты туралы ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 763 қаулысы күшіне енген күннен бастап осы қаулының күші жойылады Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты мен импортына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Осыған қосылған Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты мен импорты туралы Ереже бекітілсiн. 2. "Қазақстан жолдары" мемлекеттік акционерлік компаниясының "Қазаққопаруөнеркәсiбi" мемлекеттік мамандандырылған бiрлестiгiне өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты мен импортына бақылау жасау құқығы берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi "Қазаққопаруөнеркәсiбi"мемлекеттік мамандандырылған бiрлестiгiмен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiм iшiнде республика аумағында қопару жұмысын жүргiзетiн субъектiлердiң шаруашылық қызметiнiң өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың түсуi, жұмсалуы және олардың қалдығы жөніндегі есеп беру нысанын әзiрлейтiн болсын. 4. "Қазақстан жолдары" мемлекеттік акционерлік компаниясы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен және басқа мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп бiр айлық мерзiмде осы қаулыдан туындайтын өзгерістер мен толықтыруларды қолданылып жүрген нормативтi актiлерге енгізу туралы ұсыныстарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 11 тамыздағы № 691 қаулысымен бекітілген Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты мен импорты туралы ЕРЕЖЕ 1. Осы Ереже кәсiпорындардың өнеркәсiп мұқтаждарына пайдаланылатын қопарғыш материалдардың экспорты мен импортының тәртібін анықтайды. Ереже осы Ережеге қосымшада көрсетiлген қопарғыш материалдардың тiзбесiне қолданылады. 2. Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспорты, қайыра экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі беретiн лицензияларға орай, "Қазақстан жолдары" мемлекеттік акционерлік компаниясының "Қазаққопаруөнеркәсiбi"* мемлекеттік мамандандырылған бiрлестiгiнiң келiсуi бойынша және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады. Бұдан былай - "Қазаққопаруөнеркәсiбi" бiрлестiгi. 3. "Қазаққопаруөнеркәсiбi" бiрлестiгiне қопарғыш материалдардың номенклатурасы мен мөлшерi ескерiле отырып бас лицензия бөлiнедi. 4. "Қазаққопаруөнеркәсiбi" бiрлестiгi қопарғыш материалдардың сәйкестiк сертификаты және субъектiнiң Қопару жұмыстары кезіндегі бiрыңғай қауiпсiздiк ережелерiнiң талаптарын сақтау қамтамасыз етiлуiн ескере отырып, тиiстi қызметтер берген өнеркәсiптiк қопарғыш материалдарды пайдаланып шаруашылық қызметiн атқару құқығын растайтын құжаттар болған жағдайда аталған өнiмнiң экспортына, қайыра экспорты мен импортына арналған лицензиялар берудi келісіп алады. 5. Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспортына, қайыра экспорты мен импортына арналған лицензияларды алған жеке адамдар мен заңды ұйымдар жөнелтiлген қопарғыш материалдардың мерзiмi, олардың мөлшерi және номенклатурасы туралы "Қазаққопаруөнеркәсiбi" бiрлестiгiне мәлiмет табыс етуге тиiс. 6. Бұл талаптар бұзылған жағдайда лицензия жойылады, ал кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi. 7. Өнеркәсiптiк қопарғыш материалдардың экспортын, қайыра экспорты мен импортын реттеудiң осы Ереженi қолдануға жатпайтын мәселелерiн мүдделi мемлекеттік органдардың "Қазаққопаруөнеркәсiбi" бiрлестiгiмен келiскен ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi шешедi. Қосымша Республика кәсiпорындарының өнеркәсiптiк мұқтаждарына пайдаланылатын қопарғыш заттардың, қопару құралдарының және пиротехникалық бұйымдардың ТIЗБЕСI
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |