|
|
|
Қазақстан Республикасының Жекелеген мемлекеттік наградтарымен ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 205 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Заңның 33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. "Даңқ" орденiмен наградталған әскери қызметшiлерге, iшкi iстер, ұлт қауiпсiздiгi органдарының қызметкерлерiне: белгiленген нормалар бойынша тұрғын алаңмен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу хұқығы берiлсiн; санаторий-курорт емiне адамдарға санаторийге немесе демалыс үйiне жұмыс (қызмет) орындары арқылы, ал жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге зейнетақы төлейтiн органдар арқылы жыл сайын тегiн жолдама берiлсiн. 2. "Күмiс алқамен" наградталған (6-7 бала туып тәрбиелеген), сондай-ақ I, II, III дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен және I дәрежелi "Ана медалiмен" наградталған көп балалы аналарға: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 17 ақпандағы № 122 қаулысында белгiленген тәртiп бойынша балаларының жасына қарамастан қаланың iшкi көлiгi мен қала маңына жүретiн көлiктi (таксиден басқасы), ал ауылдық жерлерде ауданның iшкi желiсiндегi автобустарды жеке өзiнiң тегiн пайдалану хұқығы берiлсiн (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1993 ж., № 4, 50 бап); - мұқтаждарға тұрғын үй салу үшiн бiрiншi кезекте процентсiз кредит берiлсiн; - жергiлiктi атқару органдарына осы топқа жататын көп балалы аналарды және "Алтын алқамен" наградталған аналарды, сондай-ақ бұрын "Ардақты ана" атағын алған, I, II, III дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен және I дәрежелi "Ана медалiмен" наградталған аналарды заказдар бойынша қызмет көрсететiн столдар жүйесi арқылы азық-түлiкпен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн қарастыру ұсынылсын. ҚР Үкіметінiң 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 465 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. 1993 жылдың 1-қыркүйегiнен бастап: - "Қазақстанның халық жазушысы"; - "Қазақстанның халық артисi"; - "Қазақстанның халық ақыны" атақтарын алған және сонымен дәрежелес республиканың "Халық" құрметтi атақтары бұрынырақ берiлген адамдарға, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның "Халық" құрметтi атағы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi еңбек ақысына ай сайын Қазақстан Республикасының заңында белгiленген есептi көрсеткiштiң 1,5 көлемiнде үстеме белгiленсiн; - "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы"; - "Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi"; - "Қазақстанның еңбек сiңiрген қызметкерi"; - "Қазақстанның еңбек сiңiрген артисi"; - "Қазақстанның еңбек сiңiрген ғылым және техника қайраткерi"; - "Қазақстанның еңбек сiңiрген өнертапқышы" атақтарын алған және сонымен дәрежелес республиканың "Еңбек сiңiрген" құрметтi атақтары бұрынырақ берiлген адамдарға, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның "Еңбек сiңiрген" құрметтi атағы бар Қазақстан Республикасының азаматтарының негiзгi еңбек ақысына ай сайын есептi көрсеткiштiң 1 көлемiнде үстеме белгiленсiн. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, кәсiпорындары (бiрлестiктерi), ұйымдары мен мекемелерi меншiк түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, сондай-ақ облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi осы үстемелердi еңбекақы қорының есебiнен төлеуiн қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "КСРО мен Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарын алған адамдарға үстеме ақша төлеудiң жүйесiне өзгерістер енгізу туралы" 1992 жылғы 29-сәуірдегі № 390 қаулысы 1993 жылдың 1-қыркүйегiнен бастап күшiн жойды деп саналсын (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., № 17, 271-бап). Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |