|
|
|
Сортсыз сүтке дотация төлеудi тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Мемлекеттік ресурсқа ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлер өткiзетiн сүттiң сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "1993 жылы мемлекет мұқтажы үшiн ауыл шаруашылық өнiмдерi мен шикiзат сатып алу және беру туралы" 1993 жылғы 4 наурыздағы № 161 (№ 4 қосымша) қаулысында және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Сүттiң, малдың және құстың мемлекеттік кепiлдi сатып алу бағасы туралы" 1993 жылғы 30 сәуірдегі № 337 (№ 1 қосымшаға ескерту) (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., № 15, 176-бап) қаулысында белгiленген совхоздардың, колхоздар мен басқа да ауыл шаруашылық кәсiпорындарының қышқылдық мөлшерi, тазалық және бактериялық даму дәрежесi бойынша мемлекеттік ресурсқа беретiн сортсыз сүтiне дотация төлеудi 1993 жылғы 15 қыркүйектен бастап тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң, Ауыл шаруашылығы министрлігінiң, Қаржы министрлігінiң және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөніндегі Бас басқармасының ұсынысы қабылдансын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |