|
|
|
Шауашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Бағаның өсуi және экономикада төлемдердiң жасалмауы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмiне баға өктемдiгiн орнатуға байланысты екенiн ескерiп, сондай-ақ жаңа баға саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi: екi апта мерзiм iшiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң республикалық және жергiлiктi рыноктардағы басымдық жағдайын анықтау жұмыстарын жүргiзсiн; Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi - табиғи монополияшыларды Мемлекеттік тiзiлiмнен өткізумен қатар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылар: құбыр желiлерi арқылы мұнай және газ тасымалдау жөніндегі кәсiпорындарды, темір жол көлiгiн, байланысты, электр энергетикасын, су шаруашылығы жүйелерiн, аэронавигацияны, әуе қозғалысын басқаруды әуежаймен (қызмет көрсету) атын атап Мемлекеттік тiркеуден өткiзсiн; 1994 жылдың 1 қарашасына дейiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың аты аталған Мемлекеттік тiркелiмiн республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Монополиялық бағалардың деңгейiне бақылауды күшейту үшiн Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiне: Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінiң, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң, Қазақстан Республикасының Статистика және анализ жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң келiсуiмен өнiмнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) өзiндiк құнына кiретiн шығындардың құрамы туралы қолданылып жүрген Ережеге сай министрлiктердiң (ведомстволардың) ұсынуы бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылар өндiрiп және сатып отырған өнiмнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) өзiндiк құнына кiретiн шығындардың құрамы туралы салалық ережелердi бекітуге; өзiндiк құнның, өндiрiс көлемдерi мен инфляция деңгейiнiң өзгеруiне байланысты шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың монополиялық жоғары пайдасын реттеу туралы шешiмдер қабылдауға рұқсат берсiн. Ескерту. 1-тармақтың 3-шi абзацында сөздер алмастырылған - ҚРМК-нiң 27.04.1995 № 565 қаулысымен. Ескерту. 1-тармақтың 3-шi абзацынан сөздер алынып тасталды - ҚРМК-нiң 04.05.1995 № 610 қаулысымен. Ескерту. 1-тармақтың 3-шi абзацына өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 12.03.1996 № 301 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 08.05.1997 № 811 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 13.05.1997 № 828 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 08.08.1997 № 1243 қаулысымен. 2. Тұтынушылардың құқын қорғау мақсатында шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмiне баға көтеру жиiлiгi тоқсанына бiр реттен аспайтын етiп тоқсан басындағы айдың 1-күнi бұқаралық ақпарат құралдарында алдын ала хабарлана отырып жүргiзiледi деп бекітілсiн. Бағаның көтерiлуi туралы алдын ала хабарлау тәртібін бұзған кәсiпорындар - табиғи монополияшыларға Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 наурыздағы № 245 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 11, 197-бап) Мемлекеттік баға тәртібін бұзушылыққа экономикалық санкциялар қолданудың тәртібі туралы Ережеде көзделген экономикалық санкциялар қолданылады. Ескерту. 2-тармағының талаптары ерекшелiк ретiнде қаралып, Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі мен Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi электрэнергиясына қолданылып жүрген тарифтердi 1996 жылдың 1 ақпанынан бастап орта есеппен 4 процентке арттырсын - ҚР Үкіметінiң 25.01.1996 № 102 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Статистика және анализ жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрге келесi тоқсанға болжамдап отырған инфляцияның қарқыны туралы ақпаратты өтiп жатқан тоқсанның соңғы айының 25-не дейiн орталық баспасөзде жариялайтын болсын. 4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi 1995 жылдың 1 қаңтарына дейiн мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының, бюджеттік ұйымдарының (мемсараптау, денсаулық сақтау мен білім берудiң мемлекеттік мекемелерi, жерге орналастыру, тазалық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау, автомобиль инспекциясы және басқалар) ақы төленетiн жұмыстары мен қызмет көрсетулерiне баға прейскуранттары мен тарифтерiн белгiлесiн. 5. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi, Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас салық инспекциясы 1994 жылдың 1 қарашасына дейiн мемлекеттік кәсiпорындар - табиғи монополияшылардың қатысуымен құрылған олардың қызметiн қайталайтын шаруашылық жүргiзушi құрылымдарды анықтап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң келiсуiмен оларды таратсын. Осы құрылымдарға қосылған мемлекет қаражатын, дивидендттерiн ескере отырып, қайтаруды қамтамасыз етсiн. Технологиялық жағынан қажет мемлекеттік меншiк нысанындағы кәсiпорындардан басқа мұндай шаруашылық жүргiзушi субъектiлер құруға алдағы уақытта тыйым салынсын. 6. Экономикада бағаны жаудыруды азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Экономика министрлігі, Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi жергiлiктi әкiмдермен бiрлесе отырып, 1994 жылдың 1 желтоқсанына дейiн әлеуметтiк, мәдени, тұрмыстық объектiлердi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың балансынан жергiлiктi әкiмдердiң қарауына кезең-кезеңмен өткізу механизмiн әзiрлесiн. 7. Қазақстан Республикасының Статистика және анализ жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Баға жөніндегі монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң келiсуiмен 1994 жылдың 1 қарашасына дейiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмге (жұмысқа, қызмет көрсетуге) кеткен шығындардың құрамы жөнiнде ай сайын толық есеп берiп тұруды енгiзсiн. 8. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қаржы министрлігінiң Бас салық инспекциясы, Қазақстан Республикасының Қаржы бақылау комитетi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың нақты шығын құрамы мен түскен пайдасының көлемiне кем дегенде жарты жылда бiр рет бiрлесiп тексеру жүргiзiп отырсын. Тексеру нәтижелерiнде Үкiметке баяндап отырсын. 9. Үкiмет шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгертулер бекітілсiн. 10. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 11. Министрлiктер мен ведомстволар, жергiлiктi әкiмдер бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiретiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қазандағы № 1171 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне енгiзiлетiн ӨЗГЕРТУЛЕР 1. 2. Ескерту. 1,2-шi тармақтардың күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 19.03.2002 № 331 қаулысымен. 3. 4. Ескерту. 3,4-шi тармақтар күшiн жойған - ҚРМК-нiң 26.09.1995 № 1283 қаулысымен. 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерiс енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 24 қарашадағы № 1176 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993ж., № 46, 550-бап): 3-тармағының : а) "б" тармақшасындағы "баға белгiлеу органдарына" деген сөздер "Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiне және оның аумақтық органдарына" деген сөздерiмен алмастырылсын; ә) "е" тармақшасының екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң жанындағы Баға комитетi, облыс әкiмдерiнiң, Алматы және Ленинск қалалық әкiмдерiнiң баға белгiлеу органдары" сөздерi "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi, оның аумақтық органдары" деген сөздермен алмастырылсын; б) "и" тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң жанындағы Баға комитетiнiң және облыс әкiмдерiнiң, Алматы және Ленинск қалалық әкiмдерiмен баға белгiлеу органдарының шешiмдерiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң, оның аумақтық органдарының шешiмдерiн" сөздерiмен алмастырылсын; в) "к" тармақшасындағы "баға белгiлеу органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң аумақтық органдары" сөздерiмен алмастырылсын; г) "л" тармақшасындағы "баға белгiлеу органдары" және "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінiң жанындағы Баға комитетiне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң аумақтық органдары" және "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiне" деген сөздермен алмастырылсын; д) "н" тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң жанындағы Баға комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi" деген сөздермен алмастырылсын. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қазандағы № 1171 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1. "Бағаны ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 3 қаңтардағы № 3 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 1, 7-бап) 10 және 14-тармақтары. 2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Мемлекеттік баға тәртібін бұзғаны үшiн экономикалық санкция қолдану тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" 1992 жылғы 17 наурыздағы № 245 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 11, 197-бап) бекітілген Мемлекеттік баға тәртібін бұзғаны үшiн экономикалық санкция қолдану тәртібі туралы Ереженiң 10-тармағының бесiншi абзацы, 11-тармағының бесiншi және жетiншi абзацтары. 3. "Мемлекеттік баға тәртібін бұзғаны үшiн экономикалық санкциялар қолдану тәртібі туралы Ережеге толықтырулар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 28 тамыздағы № 714 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 34, 519-бап). 4. "Сауда және жабдықтау-өткізу ұйымдары бойынша сауда үстемелерiнiң мөлшерлерi мен рентабельдiктiң шектi деңгейлерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 қыркүйектегi № 735 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 356 550-бап) 2-тармағы. 5. "Монополист кәсiпорындардың еркiн (нарықтық) бағалар бойынша өткiзетiн өнiмдерiне бағаларды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 қыркүйектегi № 814 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 37, 570-бап) 2-тармағы және 6-тармағының екiншi абзацы. 6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 маусымдағы № 547 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 25, 304-бап) 1-тармағының сегiзiншi - он екiншi абзацтары және 2-тармағы. 7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерiс енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 24 қарашадағы № 1176 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 46, 550-бап) 2-тармағының "а" тармақшасы және 3-тармағының "е" тармақшасы. 8. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Ұлттық валютаның енгізу жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөніндегі төтенше шаралар туралы" 1993 жылғы 12 қарашадағы № 1121 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 желтоқсандағы № 1302 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 50, 604-бап) 1-тармағының алтыншы абзацы және 3-тармағы. 9. "Жекелеген қызмет түрлерiне тарифтер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 16 маусымдағы № 639 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 26, 275-бап) 1-тармағының екiншi абзацы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |