|
|
|
Тәуелсiз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары Қазақстан Республикасы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа да мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салалары арасындағы өзара тиiмдi өндiрiстiк кооперацияны дамыту үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достығына қатысушы басқа да мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салалары арасындағы өндiрiстiк кооперация мен өндiрiстi мамандандыру шеңберiнде тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) берудiң тәртібі туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Өнеркәсiп және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Кеден комитетi мен атқарушы өкiметтiң басқа да мемлекеттік органдары Ашғабат қаласында 1993 жылғы 23 желтоқсандағы қол қойылған Тәуелсiз мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салаларының өндiрiстiк кооперациясын дамытуды қолдаудың жалпы шарттары мен механизмi туралы Келісімдi (бұдан әрi - 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келісім) уақытша қолдану туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкiметтерiнiң 1994 жылғы 15 сәуірдегі қабылдаған шешiмiне орай, осы Келісім аталған мемлекеттер үкiметтерiнiң 1994 жылғы 15 сәуірдегі шешiмiмен енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып және 1994 жылғы 15 сәуiрде Мәскеуде қол қойылған осы Келісiмнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылатын Келісімдi жүзеге асырудың механизмi туралы Хаттама (бұдан былай - Хаттама) бойынша Қазақстан Республикасы қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етсiн. 3. Осы Келісіммен және Хаттамамен көзделген өндiрiстiк кооперация және өндiрiстi мамандандыру туралы келісімдердi жасау мен жүзеге асыру үшiн жауапкершiлiк мыналарға жүктелсiн: Қазақстан Республикасының өнеркәсiп және сауда министрлігіне - кен-металлургия, химия, мұнай-химия, машина жасау және қорғаныс (азаматтық өнiм жөніндегі) кешендерiнiң кәсiпорындары, жеңiл, ағаш, ағаш өңдеу өнеркәсiптерi мен сауда кәсiпорындары бойынша; Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігіне - отын-энергетика кешенiнiң, оның iшiнде атом өнеркәсiбi мен атом энергетикасы кәсiпорындары бойынша; Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігіне - мұнай-газ кешенiнiң кәсiпорындары бойынша; Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне - көлiк және байланыс кәсiпорындары бойынша; Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігіне - құрылыс кешенiнiң және руда емес материалдардың кәсiпорындары мен ұйымдары бойынша; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне - мал шаруашылығының өнiмiн ұқсатушы кәсiпорындары бойынша. 4. Осы қаулының 3-тармағында көрсетiлген атқарушы өкiметтiң мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне, Өнеркәсiп және сауда министрлігіне, және Қазақстан Республикасы Кеден комитетiне өндiрiстiк кооперация мен өндiрiстi мамандандыру туралы келісімдердiң көшiрмелерiн, сондай-ақ осы келісімдердiң негiзiнде жасалған шаруашылық шарттар, контрактылар бойынша тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) берiп тұрушы (алып тұрушы) Қазақстан кәсiпорындарының тiзбесiн ұсынуды қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасы Кеден комитетi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы осы Келісім мен Хаттамаға сәйкес берiлiп тұратын тауарларды тасымалдаудың тәртібін айқындасын, сондай-ақ осы тауарлардың жеткiзiлiмiн есепке алуды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 4 шiлдедегi № 914 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа да мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салалары арасындағы өндiрiстiк кооперация мен өндiрiстi мамандандыру шеңберiнде тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) берудiң тәртібі туралы ЕРЕЖЕ 1. Осы Ереже 1993 жылдың 23 желтоқсанында Ашғабатта қойылған (бұдан әрi - 1993 жылғы желтоқсандағы келісім) Қазақстан Республикасы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салаларының өндiрiстiк кооперация мен өндiрiстi мамандандыру шеңберiнде тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) берудiң тәртібі туралы үкiметаралық Келісімдi және 1994 жылдың 15 сәуiрiнде Мәскеуде қол қойылған осы Келісімдi жүзеге асырудың механизмi туралы Хаттаманы (бұдан әрi - тиiсiнше Келісім және Хаттама) жүзеге асыру мақсатында әзiрлендi. 2. 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келісімге және Хаттамаға сәйкес осы Ереже кооперация бойынша берiлетiн тауарлардың ретi мен кедендiк ресiмдеу мәселелерi жөніндегі бiр iзге түсiрiлген нормативтiк құжаттарды қабылдаған және оларды iске қосқан мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарда қолданылады. 3. Ереже бiрлестiктердi, акционерлік қоғамдарды, бiрлескен кәсiпорындарды, ұйымдарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен салаларының Достастыққа қатысушы басқа да мемлекеттердiң кәсiпорындарымен, салаларымен және ұқсас құрылымдарымен 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келісімге және Хаттамаға сәйкес өндiрiстiк кооперация мен өндiрiстi мамандандыру шеңберiнде тауарлар берудiң және қызметтер көрсетудiң тәртібін айқындайды. 4. Өндiрiстiк кооперация мен өндiрiстi мамандандыру шеңберiнде тауарлар берiп тұру дегенiмiз - шикiзатты, материалдарды, тораптарды, бөлшектердi, босалқы бөлшектердi, дайындамаларды, жартылай өңделген өнiмдердi, жинақтаушы бұйымдарды және технологиялық өзара байланысты өндiрiс пен түпкi өнiмдi бiрлесiп шығару үшiн қажеттi салалық және салааралық мақсаттағы басқа да бұйымдарды берiп тұру. Көрсетiлетiн қызметтер дегенiмiз - жобалау және жөндеу жұмыстары, техникалық қызмет көрсету және технологиялық операциялар. Тауарларды тексерудiң кедендiк режимдерiнiң шеңберiнде берiп тұру дегенiмiз - Келісімге қатысушы елдердiң кедендiк заңдарында белгiленген шарттарға сәйкес тауарлар беру. 5. Ереженiң күшi Достастыққа қатысушы басқа мемлекеттердiң кәсiпорындарымен және ұқсас құрылымдарымен өндiрiстiк операция мен өндiрiстi мамандандыру туралы халықаралық салалық және салааралық келісімдердiң негiзіндегі 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келісім шартымен контракт (шарт) жасаған кәсiпорындарға, акционерлік қоғамдарға, бiрлестiктерге, бiрлескен кәсiпорындарға, басқа да шаруашылық субъектiлерiне таратылады. 6. Қару-жарақ пен әскери техниканы өндiруге арналған арнаулы жинақтаушы бұйымдарды, материалдарды, жабдықтар мен технологияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi мен халықаралық мiндеттемелерiн сақтау мақсатындағы реттеудiң тарифтiк емес шараларына жататын басқа да тауарларды берiп тұру Қазақстан Республикасының күшіндегі заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 7. Қазақстан Республикасының тарапынан келісімдердi жасау мен жүзеге асыру үшiн жауапкершiлiк атқарушы өкiметтiң мемлекеттік органдарына жүктеледi. Олар мынадай кәсiпорындар бойынша аталған келісімдi жасайды: кен-металлургия, химия, мұнай-химия, машина жасау, қорғаныс (азаматтық өнiм жөніндегі) кешендерi, жеңiл, ағаш, ағаш өңдеу өнеркәсiптерi, сауда бойынша - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі; отын-энергетика кешенi, оның iшiнде атом өнеркәсiбi мен атом энергетикасы кәсiпорындары бойынша - Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі; мұнай-газ кешенi - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі; көлiк және байланыс - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі; құрылыс кешенi - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі; мал шаруашылығының өнiмiн ұқсату жөнiнде - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі. Атқарушы өкiметтiң көрсетiлген органдарының басқару саласына кiрмейтiн кәсiпорындар, ұйымдар мен бiрлестiктер келісімдерге қосылу үшiн өндiрiстiң тиiстi профилiмен байланысты ұсыныстарын жоғарыда аталған атқару өкіметінiң органдарына жолдайды. 8. Келісімдерге өндiрiстiң мамандандырылуын сақтаушы және тауарлар шығару мен қызметтер көрсету жөніндегі кооперацияға қатысушы кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың тiзбесi, олар кооперация арқылы шығаратын өнiмдердiң, көрсететiн қызметтердiң аса маңызды түрлерiнiң номенклатурасы мен жеткiзiлiмнiң көлемi енгiзiледi. Технологиялық қажеттiлiк туындаған жағдайда кооперация арқылы шығаратын өнiмнiң тiзбесiне басқа салалардың өнiмi енгiзiлуi мүмкiн. Бұл орайда оны тiзбеге қосудың негiздемесi үшiн атқарушы өкiметтiң Келісімге қол қойған органы жауапты болады. Халықаралық мiндеттемелерге сәйкес өнiмнiң, стратегиялық маңызды шикiзат тауарларының, оның iшiнде ұқсатуға келiп түсетiн алыс-берiс шикiзаттың, сондай-ақ осы Ереженiң 5-тармағында ескертiлген келісімдерге енгiзiлетiн Қазақстан Республикасы мен Достастыққа қатысушы басқа да мемлекеттердiң арасындағы қолданып жүрген келісімдерге сәйкес еркiн сауда тәртібінен алынып тасталуға жататын өнiмнiң де тiзбелерiн осы Ереженiң 7-тармағында аталған атқарушы өкiмет органдары алдын-ала Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне, Өнеркәсiп және сауда министрлігіне табыс етедi. 9. Осы Ереженiң 7-тармағында аталған мемлекеттік атқарушы өкiмет органдары жасалған келісімдердiң көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне, Өнеркәсiп және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасы Кеден комитетiне жiбередi. 10. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Өнеркәсiп және сауда министрлігі атқарушы өкiметтiң мүдделi мемлекеттік органдарын тартып: өнiм алмасудың баламалылығын тексеру мақсатындағы бағаларды сараптауды, өнеркәсiптiң машина жасау және электротехникалық базасын қамтамасыз етушi меншiктi өндiрiстердi қолдаудың мөлшерiне сараптауды қоса алғанда осы келісімдерге талдау жасауды және баға берудi жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен салаларының Достастыққа қатысушы басқа да мемлекеттердiң кәсiпорындарымен, салаларымен өндiрiстiк кооперациясын дамыту және қолдау механизмiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етедi. 11. Халықаралық мiндеттемелерге сәйкес Қазақстаннан берiлетiн экспорт, сондай-ақ стратегиялық маңызды шикiзат тауарлары Қазақстан республикасының күшіндегі заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 12. Кооперация арқылы шығарылған өнiмдi беру Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы мемлекетаралық келісімдерге енгiзiлуi мүмкiн. 13. 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келісімге және Хаттамаға сәйкес берiлетiн тауарларды Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы өткiзудiң тәртібін Қазақстан Республикасы Кеден комитетi бекiтедi, ол бұл тауарлардың жеткiзiлiмiн есепке алуды қамтамасыз етедi. 14. Келісімдердiң iске асырылуы Қазақстан Республикасы кәсiпорындарының, бiрлестiктерi мен ұйымдарының олардың негiзiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа мемлекеттердiң кәсiпорындары мен ұқсас құрылымдарының арасында контракт (шарт) жасау жолымен жүзеге асырылады. 15. 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келісім негiзiнде жасалған контракт (шарт) бойынша берiлетiн тауарлар мен қызметтер үшiн кәсiпорындар арасындағы есеп айырысу және ақы төлеу Қазақстан Республикасының өкiлеттi банктерiнде ашылған есеп шоттар арқылы жүзеге асырылады. 16. 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Келісімге сәйкес өндiрiстiк кооперация мен өндiрiстi мамандандыру шеңберiнде Қазақстан Республикасына берiлетiн тауарларды үшiншi бiр елдерге, оның iшiнде шетелдiк жеке және заңды тұлғаларға немесе халықаралық ұйымдарға өз аумағынан осы өнiмдi жiберiп отырған мемлекеттiң өкiлеттi органының жазбаша келісімiнсiз қайта экспорттауға болмайды. 17. Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасының жүйесіндегі кәсiпорындар шарт негiзiнде мүдделi ұйымдар мен кәсiпорындарға маркетингтiк зерттеулер жүргiзуге, кадрларды даярлауға, құқықтық, ақпараттық және лизинг қызметiн көрсетуге, кәсiпорындардың өндiрiстiк кооперациясын дамытуға бағытталған көрмелер, жарнамалық компаниялар ұйымдастыруға көмек көрсете алады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |