|
|
|
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ереженi бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен күші жойылды "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы № 2463 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. 2."Қазақ ССР-iнiң жануарлары мен өсiмдiктерiнiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiнiң Кiтабын - "Қазақ ССР-нiң Қызыл кiтабын" белгiлеу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1978 жылғы 16 қаңтардағы № 20 қаулысының (Қазақ ССР ҚЖ, 1978 ж ., № 4, 13-бап) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қыркүйектегi № 1258 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы бөлiмi 1. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған және республика аумағында сирек кездесетiн, саны азайып келе жатқан әрi құрып кету қатерi төнiп отырған жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң жай-күйi туралы мәлiметтердiң, оларды зерделеу, қорғау, өсiмiн молайту және ұтымды пайдалану жөніндегі қажеттi шаралардың жиынтығы бар негiзгi құжат болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы сонымен қатар Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi мемлекеттік кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына Қазақстан Республикасының аумағында құрғақта, суда, атмосфера мен жер қыртысында еркiн жағдайда тұрақты және уақытша мекендейтiн жануарлар (сүт қоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекендiлер, балықтар, сондай-ақ ұлутектiлер, шыбын шiркейлер және басқалары) мен өсiмдiктердiң түрлерi (тұқымдастары, өсiп-өнуi) енедi. Саны мен өсiрiлу жағдайы олардың тектiк қорының молаюы мен сақталуына қатер төндiрмейтiндей шекке жеткен жануарлар мен өсiмдiктер түрлерi (тұқымдастары, өсiп-өнуi) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабынан шығарылуға жатады. 3. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ерекше қорғауға алынады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайда, бұл түрлерiн аулауға (жинауға) бүкiл республика аумағында тыйым салынады. 4. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң (тұқымдастардың, өсiп-өнуiнiң) жойылып кетуiне, сандарының азаюына және тiршiлiк ететiн ортасының нашарлауына әсер ететiн әрекеттерге жол берiлмейдi. II. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабының құрылымы 5. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы жануарлар мен өсiмдiктер деп аталатын екi томнан тұрады. Әр томды жеке кiтап немесе бiрнеше бөлiм (бөлiмдер топтары немесе жеке бөлiмдер бойынша) түрiнде де шығаруға болады және онда қосымша ретiнде Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң жойылып кету қаупi бар түрлерi мен тұқымдастарының түсiнiктеме тiзбесi, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы Ереженiң мәтiнi және Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы жөніндегі басқа да нормативтiк құжаттар берiледi. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы қазақ және орыс тiлдерiнде шығарылады, басқа кез келген тiлге де аударылуы мүмкiн. 6. Жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн сипаттау тәртібін Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы жөніндегі тиiсiнше зоологиялық және ботаникалық комиссиялар белгiлейдi. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген организмдердiң әр түрi (тұқымдастары, өсiп-өнуi) үшiн мынадай негiзгi деректер келтiрiледi: түрдiң латынша, қазақша және орысша атауы; мәртебесi (жойылып бара жатқан, саны азайған, сирек кездесетiн, саны белгiсiз, қалпына келтiрiлген); түрдiң сыртқы бейнесi; Қазақстанда бұрын және қазiргi кезде таралуы, картасымен бiрге, саны мен оның өзгеру барысы;негiзгi лимиттеушi факторлар және саны мен таралу аймағының өзгеру себептерi; жасанды жағдайда, ырықсыз және қалыпты ортада өсiру мүмкiндiгi туралы мәлiметтер; түрдiң тектiк қорын сақтауда Қазақстан Республикасы аумағында өсiп-өну тiршiлiгiнiң ролi; қорғаудың қолданылған және қажеттi шаралары; ақпарат көздерi. Қажет болған жағдайда, сондай-ақ организмнiң жастық және маусымдық ерекшелiктерi де (личинка, жұмыртқа салуы, қуыршақ, өсiмдiк бөлiгi және басқалар) сипатталады. III. Жануарлар мен өсiмдiктердi Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгізу және одан шығару тәртібі 7. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына жануарлар мен өсiмдiктердiң сол немесе өзге түрiн (тұқымдастарын, өсiп-өнуiн) енгізуге және оның мәртебесiн айқындауға санының қисапсыз азаюы, таралу аймақтарының қысқаруы, тiршiлiк ету жағдайының қолайсыз өзгеруi туралы деректер немесе оны қорғау мен өсiмiн молайту жөнiнде шұғыл шаралар қолданудың қажеттiгi туралы дәлел келтiретiн кез келген басқа да деректер негiз болады. Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тiзiмiне (ХТҚО-ның Қызыл кiтабы) енген сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарлардың (өсiмдiктердiң) түрлерi Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына бiрiншi кезекте енгiзiледi. 8. Жануарлар мен өсiмдiктердiң кез келген түрiн (тұқымдастарын, өсiп-өнуiн) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгізу немесе Қызыл кiтаптан шығару туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы жөніндегі зоологиялық және ботаникалық комиссияларға ұсынылады. 9. Жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгізу, одан шығару және кез келген түрiн (тұқымдастарының, өсiп-өнуiнiң) мәртебесi туралы мәселелердi қарау үшiн екi ведомствоаралық - зоологиялық және ботаникалық комиссиялар құрылады, олардың құрамына жұмыс орындарына қарамастан осы салалардың жетекшi мамандары (Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігінiң, табиғатты қорғау жөніндегі жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу мекемелерiнiң, қоғамдық ұйымдардың және басқаларының) кiредi. Комиссия құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. Комиссияның жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы жөніндегі зоологиялық және ботаникалық комиссиялар туралы Ережемен белгiленедi, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. 10. Жануарлар мен өсiмдiктердiң кез келген түрлерiн Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгізу (одан шығару) туралы шешiмдi зоологиялық және ботаникалық комиссиялар қабылдайды, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. IV. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргiзу тәртібі 11. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын осы Ережеге сәйкес мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі мен Қазақстан республикасының Ұлттық ғылым академиясы жүргiзедi. 12. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын ол жөніндегі зоологиялық және ботаникалық комиссиялардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. Түпнұсқасының бiрдей күшi бар Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабының үш данасының бiреуi - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнде, екiншiсi - Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігінде, үшiншiсi - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Төралқасында болады. Осы Ережеде (7,8,9,10 тармақтар) белгiленген тәртiппен қабылданған қосымшалар мен өзгертулер үш мәтiнге бiр мезгiлде енгiзiледi. Қалған барлық басқа даналары Қазақстан Республикасы Қызыл кiтабының көшiрмесi болып саналады. Қазақстан Республикасы Қызыл кiтабының көшiрмелерiн тарату тәртібін мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы белгiлейдi. 13. Қазақстан Республикасы Қызыл кiтабының көшiрмесiн көбейту мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының бiрлескен шешiмiмен жүзеге асырылады. Көркемдiк безендiрiлуiн қосқанда, полиграфиялық жағынан орындауға, таралымын көбейтуге және шет тiлдерге аударуға орындау сапасына кепiлдiк ететiн заңдарда белгiленген тәртiппен құқық берiледi. 14. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердi қорғаудың тиiмдiлiгiн арттыру және оларды сақтау мен өсiмiн молайту жөніндегі шараларды жедел жоспарлау үшiн, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын шығарып, таратылуына қарамастан Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі жыл сайын Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енген, саны азайған және жойылып кету қаупi бар жануарлар мен өсiмдiктердiң, сондай-ақ Қызыл кiтаптан шығарылғандарының тиiстi жылдың 1 қаңтарына дейiнгi тiзбелерiн жасап, оларды қызметтерi жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн қорғаумен байланысты республиканың министрлiктерiне, ведомстволарына, атқарушы және өкiлдiктi өкiмет органдарына, мекемелерге және қоғамдық ұйымдарға таратуды қамтамасыз етедi. Аталған тiзбелердi жасау және тарату тәртібін Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы жөніндегі зоологиялық және ботаникалық комиссиялардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрi белгiлейдi. V. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау жөніндегі деректердi жинаудың және шараларды белгiлеудiң тәртібі. 15. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң жайы мен пайдалануына мемлекеттік бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі жүзеге асырады. Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiнiң есебiн Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қатысуымен жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқарудың арнайы уәкiлдi органдары жүргiзедi. 16. Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар өздеріндегі Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң таралуы, саны, пайдалануы туралы мәлiметтердi аталған жануарлардың мемлекеттік есебiн жүргiзетiн және олардың пайдалануына бақылау жасайтын органдарға берiп тұруға мiндеттi. 17. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң әрбiр түрiнiң (тұқымдастарының, өсiп-өнуiнiң) таралуы, саны, биологиясы, пайдаланылуы туралы қолда бар деректер негiзiнде Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы ғылым академиясымен бiрлесе отырып, осы жануарлар мен өсiмдiктердi зерттеу, қорғау, өсiмiн молайту және ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды белгiлейдi. 18. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерi (тұқымдастарын, өсiп-өнуi) жөніндегі ғылым-зерттеу жұмыстары басымдылықты ғылыми бағыт болып табылады. Оларды үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жүзеге асырады; ол саны жағынан азайған және жойылып кету қаупi бар жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн (тұқымдастарын, өсiп-өнуiн) зерттеудiң арнайы бағдарламаларын жасайды. 19. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген саны азайған және жойылып кету қаупiнде тұрған жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн (тұқымдастарын, өсiп-өнуiн) аулау мен жинау, осы жануарлар мен өсiмдiктердiң ұясын, жұмыртқаларын, жемiстерiн, тұқымдарын, бөлiктерi мен өнiмдерiн жинауға, сол сияқты Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктерiнiң түрлерiн сақтап қалуға зиянын тигiзетiн жануарлар мен өсiмдiктердi республика iшiне әкелуге де Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жол берiледi. Аталған рұқсатты беру тәртібін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi. 20. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабындағы жануарлар мен өсiмдiктер түрлерi туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялануға, теледидардан берiлуге және барлық кәсiпорындардың, ұйымдар мен азаматтардың қаперiне жеткiзiлуге жатады. 21. Мемлекеттік кәсiпорындар органдары, ұйымдар мен мекемелер, сондай-ақ азаматтар Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң өлiм-жiтiмi туралы анықталған барлық жағдайларды, аталған жануарлардың жаппай қырылуы немесе жаппай ауруға ұшырауы туралы фактiлердi Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігіне және оның жергiлiктi органдарына хабарлап отырады. 22. Осы Ереженi бұзғаны үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiк белгiленедi. 23. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердi құру арқылы немесе олардың тiршiлiк ететiн орындарын, көбею және қоныс аудару жағдайын бұзу арқылы елдiң табиғи байлықтарына зиян келтiрген кiнәлi кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар белгiленген тәртiппен орнын толтырады. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген заңсыз ауланған жануарлар мен жиналған өсiмдiктер және олардан жасалған өнiмдер белгiленген тәртiппен қайтарып алынады, ал бұзылған табиғи орта тiкелей кiнәлiлердiң есебiнен қалпына келтiрiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |