|
|
|
Әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақыларына және әскери Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 789 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Еңбек етуге қолайсыз жерлерде тұратын әскери қызметшiлердiң әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне, Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабының бастығына және басқа да әскери құрамалардың бастықтарына тиiстi аймақтардың өндiрiстiк емес салалар қызметкерлерiнiң жалақысына қолданылып жүрген нормативтiк актiлермен бекітілген аудандық коэффициенттердi, биiк таулы, шөлейт және сусыз жерлерде жұмыс iстегенi үшiн қосылатын коэффициенттердi әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақыларына және әскери атақтары бойынша жалақыларына қолдану құқығы берiлсiн. Аталған коэффициенттердi енгізу осы министрлiктер мен ведомстволардың еңбекақы төлеуге арнап бөлiнген қаражат шегiнде жүзеге асырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |