|
|
|
Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптау жүргiзудiң тәртібін Қазақстан Республикасының 2002 ж. 19 тамыздағы № 918 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. № 1 қосымшаға сәйкес сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптау жүргiзудiң тәртібі; Ескерту. 1-тармақтың 2-шi абзацы күшiн жойды - ҚР Үкіметінiң 1996.01.24. № 88 қаулысымен. 2. № 3 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмдерiнiң күшi жойылады деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Құрылыс, Тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен және басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, 2 айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне республика Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiру туралы ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 шiлдедегi № 830 қаулысына № 1 Қосымша Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптау жүргiзудiң ТӘРТIБI 1. Осы тәртiп "Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетiлдiру туралы" және "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрленген және сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына ведомстводан тыс сараптау жүргiзудi белгiлейдi, ол құрылыстағы инвестициялардың техникалық-экономикалық негiздемесiн, құрылысқа арналған жобаларды, жұмыс жобаларын, объектiлер мен кешендердi қайта жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтау және күрделi жөндеудi (бұдан әрi-құрылыс құжаттамасы) қамтитын сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына ведомстводан тыс сараптау жүргiзудi реттейдi. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.04.26. № 514 қаулысымен. 2. Құрылыс құжаттамаларын сараптау жүйесi, жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасын Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитетi (бұдан - былай Мемсараптама), оның облыстар орталықтары еншiлес кәсiпорындары сараптау жұмыстарын орындауға мемлекеттік лицензиялары бар басқа заңды ұйымдар мен жеке тұлғаларды /бұдан былай - мемлекеттік емес сараптау/ қамтиды. ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 20.04.1998 ж. № 353 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 24.04.2000 ж. № 632 қаулысымен. 3. Меншiк нысандары оларды қаржыландыру көздерiне қарамастан барлық объектiлер мен кешендер құрылысының құжаттамасы /оны белгiленген тәртiп бойынша бекiткенге дейiн/ мiндеттi сарапталуға жатады. 4. Осы Тәртiпке сәйкес Мемсараптау мен мемлекеттік емес сараптаудың Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі жүйесiнiң мемлекеттік экологиялық сараптауымен келісілген құрылыс бойынша берген оң тұжырымдары осы құжаттаманы бекітуге негiз болып табылады. ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 20.04.1998 ж. № 353 қаулысымен. 5. ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 26.04.1996 ж. № 514 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 20.04.1998 ж. № 353 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң 09.07.1998 ж. № 651 қаулысымен. 6. Мемлекеттік ұлттық және республикалық мақсатты бағдарламалар, сондай-ақ құрылысы толық немесе iшiнара мемлекеттік инвестициялар есебiнен жүзеге асырылатын аса iрi және бiрегей объектiлер жобаларын сараптау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитетiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылатын сараптау комиссиялары жүргiзедi, оларға ғылыми, қоғамдық және басқа ұйымдардың өкiлдерi, ал қажет болған жағдайда шет елдiк мамандар да енгiзiледi. Аталған бағдарламалар мен жобаларды сараптау комиссияларының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі бекiтедi. Объектiлердi iрi және бiрегей объектiлер қатарына жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитетi анықтайды. ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 26.04.1996 ж. № 514 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 20.04.1998 ж. № 353 қаулысымен. 7. Аудандық жоспарлау схемалары мен жобалары, елдi мекендердiң бас жоспарларының, нақты жоспарлау мен құрылыс салу жобаларын басқа жобалау-жоспарлау құжаттамаларын мемлекеттік сараптау Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі белгiлейтiн тәртiп бойынша жүзеге асырылады. 8. Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн толық немесе iшiнара мемлекеттік бюджет, арнаулы мемлекеттік қорлар, банк кредитi, мемлекеттік валюта қаражаты мен инвестициялық кредиттер есебiнен, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаттары есебiнен салынатын объектiлер мен кешендер құрылысының құжаттамасын мемлекеттік сараптауды (қажет болған жағдайда министрлiктерден, мемлекеттік комитеттерден мамандар тарта отырып): базалық бағада сметалық (есептiк) құны 10 млн. теңгеге дейiн болатын, ал Ақмола және Алматы облыстары мен Астана және Алматы қалаларында сметалық (есепті) құнына қарамастан объектiлер мен кешендер бойынша - Мемсараптаманың еншiлес кәсiпорындары; үлгiлiк, эксперименттiк, қайта бекітілген жобалар және үлгiлiк жобалық шешiмдер бойынша - Мемсараптама жүзеге асырылады. ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 26.04.1996 ж. № 514 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 24.04.2000 ж. № 632 қаулысымен. 9. Мемсараптама қаржыландыру көздерiне, оның iшiнде бiрлескен және шетелдiк субъектiлермен салынып жатқан объектiлер мен кешендердiң құрылыс құжаттамасын өрт-жарылыс қауiпсiздiгi, конструкциялардың берiктiгi мен олардың жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығын, сондай-ақ еңбек шарттары мен еңбектi қорғау жағынан қарастырады. ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 26.04.1996 ж. № 514 қаулысымен. 10. Мемлекеттік инвестицияларды тартусыз қаржыландырылатын объектiлер мен кешендердiң құрылыс құжаттамасы сараптау жұмыстарын орындауға мемлекеттік лицензиясы бар заңды және тұлғалардың мiндеттi сараптауына жатады. Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 26.04.1996 ж. № 514 қаулысымен. 11. Сараптау жасаудың мерзiмдерiн, сараптау органдарына берiлетiн құрылыс құжаттамаларының құрамын, оның сапасын бағалау критерийiн, сараптау тұжырымының құрамы мен мазмұнын, сондай-ақ құрылыс құжаттамасын бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі белгiлейдi. Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 26.04.1996 ж. № 514 қаулысымен. 12. Тапсырыс берушiлер мен сараптау органдары арасында туатын даулар Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі бекiткен оларды шешу тәртібі туралы ережеге сәйкес қаралады. Даулы мәселелер бойынша қабылданған шешiмдермен келісілген жағдайда арыз жасаушылар сот органдарына жүгiнуге құқылы. 13. Өкiмет билiгiнiң атқарушы органдары мен мемлекеттік басқару органдарының құрылыс құжаттамаларын сараптау жүйесi кәсiби қызметiне араласуға құқығы жоқ. Ескерту. 13-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 26.04.1996 ж. № 514 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 шiлдедегi № 830 қаулысына № 2 Қосымша Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жанындағы Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау департаментi туралы ЕРЕЖЕ 1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жанындағы Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау департаментi - /бұдан былай - Мемсараптау/ министрлiк өкiлеттiгi шегiнде Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының барлық салаларының кәсiпорындарын, үйлерiн және ғимараттарын салудың, қайта құрудың, кеңейтудiң, техникалық жағынан жарақаттандырудың және күрделi жөндеудiң техникалық-экономикалық негiздемелерiн, техникалық-экономикалық есептеулерiн, жобаларын /жұмыс жобаларын/ сараптауды дербес жүзеге асырушы өкiмет билiгiнiң орталық органы болып табылады . . Одан әрi - "Құрылыс құжаттамасы" деп аталады. 2. Мемсараптаудың құрамына оның аумақтық бөлiмшелерi болып табылатын облыстық, Алматы және Лениниск қалалық жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау басқармалары /бюролары/ кiредi. Мемсараптау Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі бекiтетiн еңбекке ақы төлеу шартымен өзiн-өзi қаржыландыру принциптерi негiзiнде жұмыс iстейдi. 3. Мемсараптау, оның аумақтық бөлiмшелерi шартты негiзде осы қаулыға № 1 қосымшада келтiрiлген Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптауды жүзеге асырады. 4. Мемсараптау өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмдерiн осы Ереженi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігінiң бұйрықтары мен нұсқауларын басшылыққа алады. 5. Мемсараптау мен оның басқармаларының /бюроларының/ құрылыс құжаттамалары жөніндегі тұжырымдары оларды белгiленген тәртiпте бекітуге арналған негiздеме болып табылады. 6. Мемсараптаудың басты мiндеттерi мыналар болып табылады: нормативтiк актiлердiң қала құрылысы, зiлзаладан қорғау, өрт-жарылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық талаптарына, сондай-ақ еңбек жағдайы мен еңбектi қорғау жөніндегі нормалар мен ережелерге сай болуын анықтау мақсатында құрылыс, соның iшiнде шетелдiк инвестициялардың қатысуымен салынып жатқан құрылыстар құжаттамаларына кешендi сараптау жүргiзу; республиканың әлеуметтiк-экономикалық әлеуетi дамуының жайы мен серпiнiн, оның дүниежүзiлiк озық деңгейге сай болуын, бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығаруды қамтамасыз етудi, ресурстар мен шикiзаттардың барлық түрлерiн ұтымды пайдалануды, мемлекеттік инвестициялар есебiнен салынып жатқан объектiлер бойынша кiрiс алу және кредиттердi өтеу мүмкiншiлiктерiн анықтауды ескерiп, құрылыс құжаттамаларына сараптамалық баға беру; құрылыс құжаттамаларында заң мен нормативтiк актiлердiң, мемлекеттік инвестициялық саясаттың негiзгi бағыттарының сақталуына, объектiлер құрылысы мәселелерiнiң кешендi шешiлуiне, құрылыстың техникалық-экономикалық көрсеткiштерi мен құндарының /базистiк деңгейдегi/ растығына бақылау жасау; құрылысты одан әрi жобалау мен салуда сараптама ұсыныстарының жүзеге асырылуын бақылау. 7. Мемсараптау қабылданған жобалық шешiмдер бойынша сараптамалық бағалаудың объективтiлiгi, сараптау жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуы, құрылыс құжаттамаларын бекіту, пысықтау немесе қабылдамай тастау жөніндегі тұжырымдардың негiздiлiгi үшiн заңмен белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi. 8. Мемсараптау жүктелген мiндеттерге сәйкес: республика халық шаруашылығының барлық салаларында мемлекеттік инвестициялардың есебiнен немесе оның қатысуымен жүзеге асырылатын құрылыстың құжаттамаларының кешендi сараптамасын белгiленген тәртiпте жүргiзедi; үлгiлi эксперименттiк жобалар мен үлгiлi жобалық шешiмдердiң, сондай-ақ техникалық-экономикалық көрсеткiштер мен жобалық шешiмдердiң өзгеруiне байланысты қайта бекітуге жататын сараптауын жүргiзедi; тапсырыс жасаушылардың өтiнiшi бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес инвестициялар есебiнен қаржыландырылатын объектiлер құрылысының құжаттамалары бойынша шартты бағаларға тұжырым бередi; салалар мен аймақтар шегiнде құрылыс құжаттамаларын сараптаудың нәтижелерiн қорытып, талдайды, жобалау-смета iсi саласын жақсарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; құрылыстың iрi де күрделi объектiлерiнiң жобаларын қарау жөніндегі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмiмен құрылатын сараптау комиссияларының жұмысын ұйымдастырады және олар бойынша жиынтық сараптама тұжырымдарын рәсiмдейдi және шығарады; жүргiзiлетiн сараптаудың жоғары кәсiптiк ғылыми-техникалық деңгейiн қамтамасыз ету үшiн құрылыс құжаттамаларын жобалау мен сараптаудың озық отандық және шетелдiк тәжiрибесiн жан-жақты зерттеудi, қорытуды және таратуды жүзеге асырады; заң актілерін, жобалау жөніндегі нормалар мен ережелердi бұзу фактілері бойынша қаржыландырушы банкiлерге ұйғарымдамалар бередi; өз құзыры шегiнде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асырады. 9. Мемсараптаудың мыналарға құқы бар: жүргiзiлген сараптаудың нәтижелерi бойынша құрылыс құжаттамаларын қабылдамай тастауға немесе пысықтауға қайтаруға; Құрылысмемлицензияның ұсыныстары бойынша сараптау жүргiзуге лицензиясы бар заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың жұмысына, оның мақсатты мiндеттерге сай болуына iшiнара бақылау жүргiзуге ; контрактiлiк және тендерлiк құжаттамаларды сараптауға қатысуға; министрлiктер мен ведомстволардан, жергiлiктi әкiмдерден, холдинг компанияларынан, бiрлестiктерден, концерндерден, ассоциациялардан және шаруашылық жүргiзушi басқа субъектiлерден Мемсараптауға жүктелген мiндеттердi орындауға байланысты мәселелер бойынша материалдарды сұратуға; заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың құрылыс құжаттамаларына сараптау жүргiзу құқығын лицензиялауға, сондай-ақ олардың осы құқықтарын тоқтатуға немесе айыруға байланысты мәселелердi шешуге қатысуға; өз құзыры шегiнде министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi әкiмдердiң және шаруашылықты жүргiзушi субъектiлердiң орындауы үшiн мiндеттi нұсқамалық және әдiснамалық құжаттар, құрылыс құжаттамаларын сараптау мәселелерi бойынша басқа материалдар әзiрлеуге және басып шығаруға; министрлiктердiң, ведомстволардың, ғылыми-зерттеу, конструкторлық, жобалау, қоғамдық және басқа ұйымдардың жетекшi ғалымдары мен жоғары біліктi мамандарын, соның iшiнде шетелдердiң ғалымдары мен мамандарын шартты негiзде сараптаушы ретiнде тартуға, қажет болған жағдайларда уақытша сараптау ұжымдарын құруға; сараптаушылардың дербес құрамы, оларды сараптау қызметiне тарту деңгейлерi мен нысандары, олар құрылыс құжаттамалары бойынша жүргiзген сараптаудың сапасы, саны мен тиiмдiлiгi жөніндегі рейтинг бойынша деректер банкiн қалыптастыруға; жобалау барысында нормативтiк актiлердiң өрескел бұзылғаны үшiн заң ұйымдары мен жеке тұлғалардың құжаттамаларды сараптауын жүзеге асыру және жобалау жұмыстарының тиiстi түрлерiн орындау құқықтарына лицензиялардың қолданылуын уақытша тоқтата тұру немесе күшiн жою қажеттiгi туралы сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялау органдарына хабар жiберуге; жүргiзiлген сараптаудың нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне, республиканың министрлiктерi мен ведомстволарына, облыстар, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне салалар мен аймақтар шегiнде жобалау-сметалық iсiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды енгiзуге; құрылыс құжаттамаларында заң мен нормативтiк актiлердiң бұзылуы болған жағдайда құрылысты доғару немесе тоқтата тұру қажеттiгi туралы республика министрлiктерi мен ведомстволарына, жергiлiктi әкiмдерге, тапсырыс жасаушыларға ұсыныстар жiберуге; сәулет-қала құрылысы қызметi саласында заң актілері мен мемлекеттік нормативтердiң бұзылуына жол берген азаматтарға - шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен лауазымды адамдарға - әкiмшiлiк ықпал жасау шараларын қолдануға; банкiлердiң қаржыландырушы мекемелер тарапынан құрылысты қаржыландыру мен кредиттеу ережелерiн бұзу фактілері туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне хабарлауға; құрылыстың әзiрленген құжаттамалары мен сапасының төмен болуына, құрылыс жөніндегі заң мен нормативтiк актiлердiң бұзылуына кiнәлi жеке тұлғалар мен заңды ұйымдарға шаралар қолдану үшiн банкiлердiң қаржыландырушы мекемелерiне ұйғарымнама беруге; сараптау және жобалау-сметалық iсiн жетiлдiру мәселелерi бойынша конференциялар мен мәжілістер шақыруға. 10. Мемсараптаудың және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қаржы-шаруашылық қызметi "Кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының тиiстi баптарының негiзiнде жүзеге асырылады. 11. Мемсараптаудың бастығын Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, ал облыстық, Алматы және Ленинск қалалық басқармалары /бюролары/ бастықтарын - тиiстi облыстар және қалалар әкiмдерiмен келiсе отырып Мемсараптаудың бастығы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 12. Мемсараптау бастығының орынбасарларын Мемсараптау бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 13. Мемсараптаудың бастығы: Департамент жұмысын ұйымдастырады, осы Ережемен белгiленген мiндеттер мен функцияларды орындау жөніндегі оның қызметiне дербес жауап бередi; өз орынбасарларының және құрылымдық бөлiмшелерi жетекшiлерiнiң арасында мiндеттердi бөледi; мемлекеттік басқару және атқарушы өкiмет билiгi органдарында, кәсiпорындар мен ұйымдарда Департамент мүддесiн бiлдiредi; Департаменттiң құрылымы, шығындар сметасын және штат кестесiн бекiтедi; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мүлiкке, қаржы қаражатына иелiк етедi және сенiмхат, соның iшiнде оны аударып беру құқығымен сенiмхат бередi, банкiлерде есеп айырысу және басқа да шоттар ашады, қаржы тәртібінiң сақталуын қамтамасыз етедi; Департамент қызметкерлерiн көтермелеу мен жазалау, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi; Департаменттiң шаруашылық қызметiнiң экономикалық нормативтерiн және негiзгi көрсеткiштерiн бекiтедi; өз құзыры шегiнде Департаменттiң барлық бөлiмшелерi орындауға мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады; аумақтық бөлiмшелердiң қызметi туралы есептердi қарайды және бекiтедi. Мемсараптауда мына құрамдағы сараптау кеңесi жұмыс iстейдi: Кеңестiң төрағасы - Департамент бастығы, Кеңестiң мүшелерi - Департамент бастығының орынбасарлары мен бөлiм бастықтары, Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігінiң, республика министрлiктерi мен ведомстволарының, жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдарының жоғары біліктi мамандары. Сараптау Кеңесiнiң дербес құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi бекiтедi. 14. Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаудың облыстық, Алматы және Ленинск қалалық басқармалары /бюролары/ туралы ереженi тиiстi облыстар және қалалар әкiмдерiмен келiсе отырып, Мемсараптау бастығы бекiтедi. 15. Мемсараптау заңды ұйым болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi болады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 шiлдедегi № 830 қаулысына № 3 Қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1. "Республикалық және жергiлiктi басқару органдарына бағынысты кәсiпорындар, үйлер және ғимараттар құрылысының жобалары мен сметаларының сараптамасын жетiлдiру туралы" СССР Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 23 шiлдедегi № 841 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 26 тамыздағы № 400 қаулысы /Қазақ ССР ҚЖ-ы, 1987 жыл, № 21, 86-бап/. 2. "Қазақ ССР Мемлекеттік құрылыс комитетi жанындағы Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау бас басқармасы туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1988 жылғы 29 шiлдедегi № 380 қаулысы /Қазақ ССР ҚЖ-ы, 1988 жыл, № 20, 109-бап/. 3. "Құрылыстардың жобалау-сметалық құжаттамаларының титулдық тiзiмдерiнiң сараптамасы мен бекіту және құрылысы аяқталған объектiлердi пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды құру тәртібі туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1991 жылғы 22 мамырдағы № 318 қаулысының "ТЭН, ТЭЕ және жобалар /жұмыс жобалары/ сараптамасы және оларды бекіту" бөлiмi /Қазақ ССР ҚЖ-ы, 1991 жыл, № 15, 91-бап/. 4. "Қазақ ССР Үкіметінiң күрделi құрылыс мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiн өзгерту және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 30 тамыздағы № 506 қаулысымен бекітілген "Қазақ ССР Үкіметінiң шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстердiң" 2 және 3-тармақтары /Қазақ ССР ҚЖ-ы, 1991 жыл, № 20, 147-бап/. 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң экология және табиғатты пайдалану мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiн өзгерту және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы № 856 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң" 9-тармағы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 39, 590-бап/.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |