|
|
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және тұрғын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Коммуналдық саладағы бәсекелестiктi дамыту және тұрғын үй иелерiнiң өзара қарым-қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметiн тәртiпке келтiру, кәсiпорындар-табиғи монополистердiң көрсеткен қызметтерiне арналған тарифтердi мемлекеттік реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi: шаруашылық жүргiзушi субъектiлер-табиғи монополистердiң Мемлекеттік атаулы тiркелiмiне "Коммуналдық саладағы кәсiпорын" бөлiмiн енгiзсiн. Оған сумен жабдықтау және канализация, тұтынушыларды табиғи газбен, жылу және электр энергиясымен, байланыс қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі кәсiпорынды қоссын; 1996 жылдың 10 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен, Қаржы министрлігімен, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігімен, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келiсу бойынша коммуналдық саладағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер-табиғи монополистер өндiретiн және сататын өнiмдердiң (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өзiндiк құнына енгiзiлген шығындардың құрамын қалыптастырудың ерекше тәртібін, онда өзiндiк құнға қосылатын шығынды реттеудi көздей отырып, бекiтсiн; 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап аталған ерекше тәртiптi ескере отырып, кәсiпорындар-табиғи монополистердiң өнiмдерiне (жұмыстар, қызмет көрсетулер) арналған бағалар мен тарифтердi қайта қарасын. ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.08.08. № 1243 қаулысымен. 2. Кәсiпорындар-табиғи монополистер көрсететiн коммуналдық қызметке бағаның өзгеруi тоқсанына бiр реттен жиiлетпей тоқсан басталар айдың 1-күнiнен бастап, жаңа баға енгiзiлерден 15 күн бұрын тұтынушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ете отырып, жүргiзiлетiн болып белгiленсiн. Тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге арналған тарифтердi осы қызметтердi көрсететiн ұйымдардың шығасыларын жабатын деңгейге дейiн бiркелкi енгізу мақсатында, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне мәслихаттармен келісім бойынша 1996 жылдың 1 қазанына дейiн коммуналдық қызмет көрсетуге бағаны айдың 1-күнiнен бастап ай сайын өзгертуге рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі бес күн мерзiм iшiнде инфляцияның болжамды индекстерiн әзiрлеп, көрсетiлетiн коммуналдық қызметтiң әрбiр түрiнiң өзгерген бағасы туралы облыстардың әкiмдерiне хабарлайтын болсын; 4. 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап орындалған пайдалануға беру жұмыстары үшiн есеп айырысу тұрғын үйдегi (үй-жайдағы) тұрғын үй және тұрғын емес үй иелерi аталған жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) жүргiзуге олармен шарт жасасқан шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен тiкелей жүзеге асыратын болып белгiленсiн. Егер пәтер (үй) иелерi бiрiккен жағдайда, ол үйде болмаған кезде - жекелеген меншiк иесiмен осындай жұмысты орындауға шарт жасалмаған және оларды нақты орындау қабылданбаса, пайдалануға беру жұмысы үшiн (пайдалануға беру шығыстары) пәтер ақысын алуға жол берiлмейдi. Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету үшiн есеп айырысудың жаңа тәртібін енгізу мақсатында облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi: 1996 жылдың 1 маусымына дейiн: мәслихаттармен бiрлесiп, бiрыңғай пәтер ақы (пайдалануға беру шығыстары) ставкалары түріндегі тұрғын үйдi ұстау жөніндегі бұрын белгiленген пайдалануға беру жұмыстары үшiн төлем алу тәртібінiң күшiн жойсын; көрсетiлетiн коммуналдық және пайдалануға беру қызметi үшiн есеп айырысудағы монополизмдi жеңу жөнiнде, үй-жайлар мен басқа да тұрғын үй-пайдалануға беру ұйымдарын құрылымда пайдалану жөніндегі дирекцияларды өзгертудi назарда ұстай отырып, коммуналдық қызмет көрсету жөнiнде тұтынушылармен шарттар жасасқан кезде немесе тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету үшiн халықпен есеп айырысуды жүзеге асыруда басымдығы жоқтар жөнiнде шаралар қолдансын; коммуналдық қызмет көрсететiн меншiк нысанындағы барлық кәсiпорындарға және олар үшiн есеп айырысулар жүргiзетiн балама негiзде жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар-монополистерге барынша қолайлылық пен ынталандыру жағдайын қамтамасыз етсiн; 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде: коммуналдық саладағы кәсiпорындар-табиғи монополистердiң Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi бекiткен Үлгi шартқа сәйкес орындалатын жұмысқа тұтынушылармен шарттар жасасуын қамтамасыз етсiн; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құрамындағы паспорт режимiн жүзеге асыру жөніндегі қызметi жойылсын; қосымшаға сәйкес, баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитеттер 1996 жылдың 1 тамызына дейiн жүзеге асыруды көздеп ұсынған коммуналдық шаруашылық кәсiпорындарының құрылымын қайта ұйымдастыру жобасын заңды тұлғалар бiрлестiктерi қызметiнiң тиiмдiлiгiн талдау жөніндегі облыстық, қалалық комиссияларының мәжілістерiнде қарасын; 1996 жылдың 1 қазанына дейiнгi мерзiмде: бұзылуға немесе күрделi жөндеуге жататын қирайтын және тозығы жеткен тұрғын үйлердi анықтау мақсатында тұрғын үй қорына түгендеу жүргiзсiн; тозығы жеткен және қирайтын тұрғын үйдi ұстау, жаңғырту және күрделi жөндеу немесе бұзу жөнiнде шаралар әзiрлесiн, оларды қаржыландыру көздерiн айқындасын. ЕСКЕРТУ. 4-шi тармақтың 9-абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.06.23. № 922 қаулысымен. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн: коммуналдық саладағы кәсiпорындар-табиғи монополистер құрамынан олардың негiзгi қызметiне қатысы жоқ бөлімшелердi шығарсын және осы бөлiмшелердiң мемлекеттік меншiктерiн жекешелендiрудi 1996 жылдың аяғына дейiн жүзеге асырсын; Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетпен бiрлесiп коммуналдық салада мемлекеттік қатысушылармен кәсiпорындар мен табиғи монополистер құрған және олардың негiзгi қызметiн қайталайтын шаруашылық жүргiзушi құрылымдарды анықтасын, құрылтай шарттарын бұзу жолымен басы артық буындарды жою қамтамасыз етсiн. 6. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi: 1996 жылдың 1 маусымына дейiнгi мерзiмде: Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігімен бiрлесiп тұрғын үйлердегi тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар кооперативi меншiк иелерiнiң Үлгi жарғысын бекiтсiн және оны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркесiн; паспорт режимiн жүзеге асыру жөнiнде iшкi iстер органдары көрсететiн қызметтер үшiн төлем мөлшерiн бекiтсiн; 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде: жылу энергиясына, суық суға, канализацияны пайдалануға арналған тариф саясаты туралы ереженi әзiрлеп, оны облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне жеткiзсiн. 7. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң ұсынуы бойынша айдың басындағы 10-күнге дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 мамырдағы № 587 қаулысына қосымша Қайта ұйымдастыруға жататын коммуналдық шаруашылық кәсiпорындарының тiзбесi Сумен жабдықтау және канализация кәсiпорны Электр және жылу энергиясымен жабдықтау кәсiпорны Табиғи және сұйытылған газбен қамтамасыз ету кәсiпорны Қоқыстарды жинау, әкету және өңдеу кәсiпорны Елдi мекендердi көгалдандыру мен көркейту кәсiпорны Лифт шаруашылығы кәсiпорны Телеантенналар орнату және пайдалануға беру кәсiпорны Радиохабарлар тарату кәсiпорны
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |