|
|
|
Қосымша жүктеме қосқан кезде электр энергетикасы объектiлерiн ҚР Үкіметінің 08.10.04 ж. № 1044 қаулысымен күші жойылды "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2724 Заң күшi бар Жарлығының 6-бабының 3-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қосымша жүктеме қосқан кезде электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға кеткен қосымша шығыстарды өтеудiң тәртібі мен шарттары туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі үш ай мерзiм iшiнде Қосымша жүктеме қосқан кезде энергия көздерiн кеңейту мен қайта жаңартуды, энергия тасымалдау желiлерi мен жалпы пайдаланыстағы көмекшi станцияларды салуды қаржыландыру үшiн энергия тұтынушылардың электрмен жабдықтаушы ұйымның қосымша шығыстарын өтеуiн есептеу әдiстемесiн әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен тiркесiн. 3. Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Энергетика және электрлендiру министрлігі 1990 жылғы 13 қыркүйекте бекiткен Кәсiпорындар мен аймақтардың қаражатын энергетикалық объектiлердi салуға тарту туралы уақытша әдiстемелiк ұсынымдардың күшi жойылсын. 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының 1992 жылғы 30 шiлдедегi № 6-13 өкімінiң 4-тармағының күшi жойылған деп танылсын. 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігіне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 қарашадағы № 1459 қаулысымен бекітілген Қосымша жүктеме қосқан кезде электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға кеткен қосымша шығыстарды өтеудiң тәртібі мен шарттары Туралы Осы Ереже "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2724 Заң күшi бар Жарлығының 6-бабына сәйкес әзiрлендi. 1. Электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға кететiн қосымша шығыстарды қаржыландырудың тәртібі мен шарттары 1. Жүктемелердiң табиғи өсуiн жабуға кететiн шығыстар энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың жеке кiрiстерiнiң (тарифтердiң) есебiнен жүзеге асырылады. 2. Тараптардың келiсуi бойынша қосымша жекеленген жүктеме қосылған кезде энергия сатып алушы энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту мен қайта жаңартуға кететiн шығыстарын энергия берушiнiң жарғылық қорынан (акциялар пакетiнен) үлес ала отырып қамтамасыз етуi мүмкiн. 3. Бұл жағдайда қосымша қосылатын қуат үшiн энергия тұтынушылар төлемдерiнiң мөлшерi қосымша жүктеме қосқан кезде энергия көздерiн кеңейту мен қайта жаңғыртуды, жылу және электр желiлерi мен жалпы пайдаланыстағы көмекшi станцияларды салуды қаржыландыру үшiн энергия тұтынушылардың электрмен жабдықтаушы ұйымның қосымша шығыстарын өтеуiн есептеу әдiстемесiне сәйкес жобаға дейiнгi және жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлегенде белгiленедi. 4. Қосылатын қуат үшiн төлем мөлшерiн есептеуге жаңа жүктемелердi қосу тәртібін анықтайтын, энергиямен жабдықтаушы ұйым берген алдын ала техникалық шарттар негiз болып табылады. 5. Жүктеменi қосуға арналған техникалық шарттарды екi тарап қосылатын қуат үшiн төлемдi тұтынушының аудару көлемдерi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн келісімдi ресiмдегеннен кейiн энергиямен жабдықтаушы ұйым бередi. 2. Қосылатын қуат үшiн төлем қаражатын пайдалану 6. Энергиямен жабдықтаушы ұйым түскен қаражатты техникалық шарттар мен оларға арналған келісімде айтылған нақты объектiнi қаржыландыруға (қаржыландыруға пайдаланылған несие сомаларын өтеуге) жұмсайды. 7. Қосылған қуат үшiн төлем қаражатын мақсатсыз пайдалануға тыйым салынады. 8. Қосылған қуат үшiн төлем қаражатының пайдаланылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемэнергияқадағалаукомына жүктелсiн. 3. Тараптардың пiкiр алшақтықтары 9. Берiлген техникалық шарттар, қосылатын қуат үшiн төлем жасау көлемдерi мен мерзiмдерi мәселелерi бойынша тараптардың пiкiр алшақтықтарын Қазақстан Республикасының Мемэнергияқадағалаукомы бiр ай мерзiмде қарайды. 10. Қазақстан Республикасының Мемэнергияқадағалаукомының шешiмiн келiспеген жағдайда тараптар бұл мәселенi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |