Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау мен қолдануға Конвенция 1999 ж. 24 маусымдағы № 398-I ҚР Заңымен бекітілді Кіріспе Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер, Жаппай қырып-жоятын қарулардың барлық түрлерiне тыйым салу мен оларды жоюды қоса алғанда, қатаң және тиiмдi халықаралық бақылау мен жаппай және толық қарусыздану бағытында тиiмдi прогреске қол жеткізу мақсатында батыл iс-әрекет жасауға бел буып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерiн iске асыруға үлес қосуға тiлек бiлдiре отырып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1925 жылғы 17 маусымда Женевада қол қойылған Соғыста тұншықтыратын, улы немесе осы секiлдi басқа да газдар мен бактериологиялық құралдарды қолдануға тыйым салу туралы хаттаманың (1925 жылғы Женева хаттамасы) принциптерi мен мақсаттарына қайшы келетiн барлық iс-әрекеттi әлде неше рет айыптағанын еске ала отырып, осы Конвенцияның 1972 жылғы 10 сәуiрде Вашингтон, Лондонда және Мәскеуде қол қойылған 1925 жылғы Женева хаттамасының және Бактериологиялық (биологиялық) және токсиндiк қаруды әзiрлеуге, оның өндiрiсiне және запастардың жиналуына тыйым салу туралы және оларды жою туралы конвенцияның принциптерi мен мақсаттарын, сондай-ақ олар бойынша алынған мiндеттемелердi тағы да растайтындығын мойындай отырып, Бактериологиялық (биологиялық) және токсиндiк қаруды әзiрлеуге, оның өндiрiсiне және запастардың жиналуына тыйым салу туралы және оларды жою туралы конвенцияның ІХ бабында бекітілген мақсатты еске ала отырып, осы Конвенцияның ережелерiн жүзеге асыру арқылы химиялық қаруды қолданудың мүмкiндiгiн бүкiл адамзаттың мүддесiнде толық болдырмауға, осымен 1925 жылғы Женева хаттамасы бойынша қабылданған мiндеттемелердi толықтыра отырып батыл iс-әрекет жасауға, тиiстi келісімдер мен халықаралық құқық принциптерiнде бекітілген соғыс жүргiзу құралы ретiнде гербицидтердi пайдалануға тыйым салуды мойындай отырып, химия саласындағы жетiстiктер тек адамзат игiлiгiне ғана пайдаланылуы тиiс деп санап, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|