|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 ҚР Үкіметінiң 12.08.00 ж. № 1253 қаулысымен күшi жойылды (ҚР Үкіметінің 28.08.00 ж. № 1316 қаулысымен күшi тоқтатылды) Сыртқы сауданы одан әрi ырықтандыру және экспорттаушылар үшiн қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ сыртқы сауданың нормативтiк базаларын қолданылып жүрген халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 302-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн: мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын: "7. Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларының (мемлекеттік кәсiпорындарды қоспағанда) 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап биржалық мәмiлелер жасағандығы туралы куәлiктi мiндеттi түрде ұсынбастан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысымен бекітілген биржалық тауарларды экспорттауды жүзеге асыруға құқығы бар деп белгiленсiн. 8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетi 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына (мемлекеттік кәсiпорындарды қоспағанда) биржалық мәмiле жасағандығы туралы куәлiк ұсынбастан биржалық тауарларды әкетуге рұқсат етсiн"; 7, 8-тармақтар тиiсiнше 9, 10-тармақтар болып есептелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |