|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы № 846 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың өтеуi жөніндегі Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 17 наурыздағы № 201 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 8, 97-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: атауы мен мәтiніндегі "кәсiпорындардың, мекемелердiң" деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақ "Еңбек" деген сөзден кейiн "және халықты әлеуметтiк қорғау" деген сөздермен толықтырылсын; аталған қаулымен бекітілген Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың өтеуi жөніндегі Ережеде: атауындағы "кәсiпорындардың, мекемелердiң" деген сөздер алынып тасталсын; мәтiніндегі "кәсiпорын, кәсiпорындар, кәсiпорынның, кәсiпорындарда" деген сөздер "ұйым, ұйымдар, ұйымның, ұйымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "кәсiпорындар, мекемелер" деген сөздер алынып тасталсын; 4-тармақтың екiншi абзацындағы "Еңбек министрлігімен бірге Денсаулық сақтау министрлігі мен Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлігі" деген сөздер "Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен бірлесе отырып Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын; "5. Зардап шеккен адамға айрылған жалақысына қатысты зиянын өтеудiң мөлшерi оның кәсiптiк еңбек қабілетiн жоғалту дәрежесiне байланысты болады және осы жоғалту дәрежесi бойынша орташа айлық жалақысына проценттiк қатынаста есептеледi. Егер еңбекте мертiгуiне, кәсiптiк науқасына байланысты зардап шеккен адамға мүгедектiгi бойынша мемлекеттік жәрдемақы тағайындалса, онда зиянды өтеу мөлшерi осы жәрдемақының сомасына төмендетiледi. Айрылған жалақысына қатысты зиянды өтеу жөніндегі сома зардап шеккен адамның алатын жалақысына, стипендиясына және өзге кiрiстерiне қарамастан төленедi"; 7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын: "Зардап шеккен адамның кiнәлiлiк дәрежесiн осы жазатайым жағдайды тексеретiн комиссия Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 желтоқсандағы № 1414 қаулысымен бекітілген Еңбекшiлердiң өндiрiсте денсаулығы зақымдануын және басқа жазатайым жағдайларды есепке алу мен зерттеп-тексеру жөніндегі ережеде белгiленген тәртiппен белгiлейдi. Комиссияның шешiмiн қайта қарау туралы өтiнiш болған кезде зардап шеккен адамның кiнәлiлiк дәрежесiн айқындау туралы мәселенi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Еңбектi қорғау және еңбек жағдайлары жөніндегі мемлекеттік инспекциясы не оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi қарайды. Еңбектегi мертiгуiне байланысты бір жолғы жәрдемақыны төлеу және қосымша шығыстарды өтеу кезiнде зардап шеккен адамның кiнәлiлiк дәрежесi есепке алынбайды"; 12-тармақтағы "Еңбек министрлігі" деген сөздер "Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 13-тармақта: үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Арнайы медициналық және тұрмыстық күтiмге мұқтаж зардап шеккен адамға, шығыстары күтiм көрсетудiң әрбір түрi бойынша, бұл күтiмдi кiмнiң жүзеге асыратынына қарамастан кемiнде бір айлық есептi көрсеткiш тұрғысындағы есеп бойынша өтеледi"; төртiншi абзац алынып тасталсын; 22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "22. Әртүрлi жұмыс берушiлерде (екi және одан көп) жұмыс iстеген кезде душар болған кәсiптiк науқасынан еңбек қабiлетiнен тұрақты айрылғаны анықталғанда және оны МӘСК жиынтықтап белгiлегенде зиянды өтеу үлестiк принцип бойынша, осы жұмыс берушiлерде жұмыс iстеген уақытына бара-бар жүргiзiледi. Еңбек қабiлетiнен тұрақты айрылғаны анықталған кезде жұмыс берушiлердiң бірi таратылған жағдайда зиянды өтеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi. 23. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге (ТМД мемлекеттерi) тұрғылықты тұруға кететiн адамдарға зиянды өтеудiң тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 мамырдағы № 2303 Жарлығымен бекітілген Қызметкерлерге еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты мертiгуiмен, кәсiптiк науқасымен не денсаулығын басқадай зақымдауымен келтiрiлген зиянды өтеуге деген құқықтарды өзара тану туралы келісімге сәйкес реттеледi. 24. Осы Ереженiң шарттарына сәйкес зиянды өтеу жөніндегі белгiленген сомалардың мөлшерiн қайта қарау мынадай жағдайларда: еңбекақы мөлшерi өзгерген кезде; қайтыс болған адамның отбасы мүшелерiнiң құрамы өзгерген кезде; зардап шеккен адамның кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген кезде жүзеге асырылады. Зиянды өтеу мөлшерiн қайта қарау бұрын бұл мөлшер белгiленген орташа айлық жалақыны, оны зиянды өтеудi қайта есептеу алдындағы дәл сол немесе соған ұқсас жұмыс орнындағы сәйкес біліктiлiгi бар жұмыскердiң еңбекақы төлеудiң қалыптасқан деңгейiне бара-бар жағдайға келтiрудiң негiзiнде, қайта есептеу жолымен жүзеге асырылады. Ұйымда бұл жұмыс орындарына төленетiн жалақының деңгейi әртүрлi болғанда есепке олардың ұйымдағы орташа айлық жалақысы алынады, ал жұмыс орны болмаған жағдайда саладағы ұқсас кәсiптiң және біліктiлiктiң орташа айлық жалақысы алынады"; мынадай мазмұндағы VI бөлiммен және 27, 28-тармақтармен толықтырылсын: "VI. Ұйым қайта ұйымдастырылған, таратылған (банкрот болған) жағдайда зиянды өтеу 27. Заңды тұлға таратылған (банкрот болған), қайта ұйымдастырылған (бірiккен, қосылған, бөлiнген, бөлiнiп шыққан, қайта құрылған) кезде зиянды өтеудiң тәртібі қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiленедi. Азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiрiлгенiне байланысты талаптары заңды тұлғаны тарату (борышкердi банкрот деп тану) туралы шешiм қабылданған күнi есептелген немесе төленген тиiстi уақыттық төлемдердi капиталдандыру жолымен қанағаттандырылады. Зиянды өтеуге арналған қаражат капиталдандыруға жатады. Егер таратылған (банкрот деп танылған) ұйымның құқықтары мен мiндеттерi құқықтық мұрагерге немесе жаңадан пайда болған заңды тұлғаға көшпейтiн болса, онда тарату комиссиясы (конкурстық басқарушы) зиянды өтеу үшiн төленуге тиiстi капиталдандырылған уақыттық төлемдердiң сомаларын зардап шеккендерге немесе асыраушысының қайтыс болуына байланысты зиянды өтеп алуға құқығы бар адамдарға олардың банктегi дербес шоттарына аударады. 28. Осы Ереженiң қағидалары Чернобыль АЭС-ындағы аварияны жоюға қатысқандарға қолданылмайды". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |