|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 ақпандағы № 148 ҚР Үкіметінiң 10.07.03 ж. № 685 Қаулысымен осы қаулының күші жойлды Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды және акционерлік қоғамдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiн басқаруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Мемлекеттік кәсiпорындар мен акциялардың мемлекеттік пакетi бар акционерлік қоғамдардың қызметiн басқаруға контрактi жүйесiн енгізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 ақпандағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 7, 40-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: 3-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: "салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi (оның iшiнде зейнетақы қорларына), сондай-ақ кәсiпорынның қызметкерлерiне жалақыны уақытылы төлеуге"; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "12. Басшы осы контрактi бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн қолданылып жүрген заңдарда көзделген жауапкершiлiкте болады"; 23-тармақтың қазақша мәтiнi дұрыс; 26-тармақтағы "қылмыстық" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын; 31-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "кәсiпорынның басшысы еңбек туралы заңдарда белгiленген тәртiптi сақтай отырып осы контрактiде көзделген мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, Жалдаушының бастамашылығы бойынша"; 31-тармақ мынадай редакцияда жазылып, 32-тармақ болып есептелсiн: "32. Жалдаушы: жұмыстан босатуды бұйрықпен ресiмдеуге және Басшының еңбек кiтапшасындағы жазбаны дұрыс ресiмдеуге; жұмыстан босатылатын Басшыға еңбек кiтапшасын босатылған күнi беруге және онымен түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзуге; контракт тоқтатылған кезде 31-тармақтың үшiншi абзацында көзделген тоқтатылу жағдайларынан басқа, белгiленген мөлшерде шығу жәрдемақысын төлеуге"; 32-35-тармақтар 33-36-тармақтар болып есептелсiн. ЕСКЕРТУ. 1-тармағының 17-24 абзацтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. № 1504 қаулысымен. 2. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты уәкiлеттi орган болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары осы қаулыға сәйкес мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын жалдау туралы жасалған келісім-шарттарға өзгерістер енгiзсiн. 3. ЕСКЕРТУ. 3-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. № 1504 қаулысымен. 4. Мемлекеттік органдардың басшыларына бұрын банкрот деп танылған кәсiпорындардың басшыларымен жалдау келісім-шарттарын жасаспау ұсынылысын. Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |