|
|
|
Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы ҚР Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 554 қаулысымен осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.04.14. № 578 қаулысымен. 2. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 маусымдағы № 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 26, 215-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 2-тармақтағы "мен оның жеке құрамы" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы ережеде: 5-тармақтың жетiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң денсаулық сақтау комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің мiндетiн атқарушы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 28 сәуірдегі № 389 қаулысымен бекітілген Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы Құлмаханов Ш.Қ. - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң төрағасы, Комиссия төрағасы Бижанов Н.К. - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары, Комиссия төрағасының бiрiншi орынбасары Девятко В.Н. - Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау комитетiнiң төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары Асқаров А.М. - Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау комитетiнiң мемлекеттiң санитарлық-эпидемиология қызметi бастығының орынбасары, хатшы Алтынбеков С.А. - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң Азаматтық қорғаныс және әскери бөлiмдер департаментiнiң директоры Ашықбаев Б.М. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Бычкова С.Ф. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Республикалық соттық сараптама орталығының директоры Добрица В.П. - Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтының директоры Дүрiмбетов Е.Е. - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң Денсаулық сақтау комитетi төрағасының орынбасары Ерекешев С.В. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң бас дәрiгерлiк- санитарлық инспекторы Иманғалиев С.К. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң консулдық қызмет департаментi директорының мiндетiн атқарушы Кравчук А.В. - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментiнiң директоры Матаролин С.Г. - "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны арнайы бөлiмiнiң бастығы Мұсайбеков Ж.С. - Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң Туризм және спорт комитетiнiң бөлiм бастығы Мұсатаев М.Х. - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары (вице-министр) Оразбақов Ғ.I. - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi Отаров К.М. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары (вице-министр) Отто И.И. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрінің орынбасары (вице-министр) Петров В.В. - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетi төрағасының орынбасары Сәлиев С.Ж. - "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының бөлiм бастығы Спатаев М.Б. - Республикалық санитарлық- эпидемиологиялық станцияның бас дәрiгерi Тұрсынқұлов С.З. - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң төрағасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |