Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
Жеке және заңды тұлғалардың еркiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына кедергiлердi жою мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағына, 40-бабының 2-тармағы мен 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнен Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделмеген төлемдер алу жөнiнде өкiлеттiк беретiн нормативтiк актiлер шығаруына тыйым салынсын. ҚР Президентінің 10.03.04 ж. № 1301 Жарлығымен 2-тармақ алынып тасталды 2. Қызметтiң лицензияланбаған түрлерiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен саны 10 адамнан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттік бақылаушы органдардың, салық органдарын қоспағанда, өз бастамалары бойынша үш жылда бiр реттен жиi емес, әрi заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларда ғана тексеруiне болады деп белгiленсiн. 3. Барлық деңгейлердегi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға: 1) меншiктiң нысандарына қарамастан жеке кәсiпкерлер мен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының заң актілері мен халықаралық шарттарында көзделмеген шектеулер қою жолымен араласуға; 2) кәсiпкерлiк қызмет түрлерiмен айналысуға лицензиялар мен заң актілерінде көзделген рұқсаттар беру құқығын мемлекеттік мәртебесi жоқ ұйымдарға тапсыруға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|