|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған "Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетiлдiру және мемлекеттік органдардың санын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 29 қазандағы № 3168 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 ақпандағы № 203 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1."Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 21 шiлдедегi № 622 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 30, 446-құжат) 4, 5, 9 және 11-тармақтары. 2. "Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 маусымдағы № 819 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 21, 238-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 маусымдағы № 819 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 4 тамыздағы № 1078 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 27, 321-құжат). 4. "Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комитетi туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 тамыздағы № 1164 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 29, 350-құжат). 5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы № 1782 қаулысы. 6. "Қазақстан Республикасының Архивтер және құжаттама бас басқармасы орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы № 1788 қаулысы. 7. "Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы № 1806 қаулысы. 8. "Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы № 1821 қаулысы. 9. "Қазақстан Республикасының Түстi және қара металдарды ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 30 желтоқсандағы № 1897 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 517-құжат). 10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы № 1806 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 17 қаңтардағы № 63 қаулысы. 11. "Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы № 1821 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 ақпандағы № 260 қаулысы. 12. "Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 наурыздағы № 284 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 82-құжат). 13. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 тамыздағы № 1164 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 наурыздағы № 314 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 12, 92-құжат). 14. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 18 наурыздағы № 688 Жарлығына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 29 қаңтардағы № 2837 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 наурыздағы № 359 қаулысы. 15. "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және тау-кен жұмыстарын қауiпсiз жүргiзуiн қадағалау жөніндегі комитетi (Қазақстан Республикасының Мемтау-кен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 наурыздағы № 360 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 13, 104-құжат). 16. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі жанындағы "Қазақкино" мемлекеттік компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 маусымдағы № 749 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 246-құжат). 17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 2, 64 және 69-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат). 18. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі жанындағы "Қазақкино" мемлекеттік компаниясының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 24 қыркүйектегi № 1164 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 38, 365-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |