|
|
|
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары ҚР Үкіметінің 12.07.00 ж. № 1063 қаулысымен осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының халқын жаңа үлгідегі паспорттармен және жеке басының куәліктерімен құжаттаумен толық қамту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесі туралы ережені бекіту туралы" 1993 жылғы 5 сәуірдегі № 256 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 10, 124-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Паспорттардың ескі үлгісін Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа үлгідегі паспорттары мен жеке басының куәліктеріне айырбастау 1999 жылдың 1 наурызына дейін аяқталсын". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |