Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын ұйымдар үшін ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 29 қарашадағы № 421 бұйрығымен күші жойылды 1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын ұйымдар үшiн жүргiзiлген мемлекеттік сатып алу жөніндегі есептеменiң тәртібі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi № 163-1 ҚРЗ заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасының "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы заңын iске асыру туралы" қаулысының 34-тармағы негiзiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алу процесiн бақылауды және үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi және бюджеттік ұйымдардың жүргiзiлген мемлекеттік сатып алулар туралы есептемелерiн тапсырудың тәртібін белгiлейдi. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1783 қаулысына сәйкес мемлекеттік сатып алу процесiн үйлестiру және бақылау жөніндегі өкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаментi болып табылады. 3. Жүргiзiлген мемлекеттік сатып алулар туралы есептi Қазақстан Республикасының және жергiлiктi бюджеттерiнен қаржыландырылатын органдар тапсырады. 3.1. Лимиттердiң бас басқарушысы қарамағындағы ұйымдар жүргiзiлген мемлекеттік сатып алулар туралы жоғары тұрған ұйымға есеп бередi. 3.2. Республикалық бюджеттен тiкелей қаржыландырылатын министрлiктер, ведомстволар мен ұйымдар белгiленген нысан бойынша шығыстар сметаларының орындалуы туралы тоқсандық есептермен бiрге тоқсан сайын мемлекеттік сатып алулар туралы есеп тапсырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|