|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы № 759
ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 326 қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттің бастамашылығы бойынша банкрот деп танылған таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау және сату жөніндегі жұмыстарды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. "Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы № 759 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) қазақша мәтіні дұрыс; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібінде: 4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) уәкілетті органның таратылатын ұйымның мүлкін сатудың жоспарын бекітуі"; 10-тармақтағы "уәкілетті органға" деген сөз "кредиторлар комитетіне" деген сөздермен ауыстырылсын; 13-тармақтың 1) тармақшасындағы "уәкілетті органға" деген сөздер "кредиторлар комитетіне" деген сөздермен ауыстырылсын. 15-тармақта: бірінші абзацтағы "бастапқы" деген сөзден кейін "(және сауда-саттықтың голландиялық әдісі кезінде ең төменгі)" деген сөздермен толықтырылсын, "Төлеуді кейінге қалдырып сату мүмкіндігі кредиторлар комитетінің келісімі бойынша сату жоспарына кіргізіледі" деген сөздер алынып тасталсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Ұйымдардың мүлкін (активтерін) сату кезіндегі бастапқы жарнаның мөлшері сату бағасының отыз процентінен кем болмайды, ал кейінге қалдыру кезеңі үш айдан аспауы тиіс"; 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "24. Сауда-саттық өтпеген деп танылған жағдайда сатушы кредиторлар комитетінің келісім бойынша сату жоспарына өзгеріс енгізуге құқылы. Өзгеріс сатылатын лоттардың өзгеше құрылымын және/немесе өзгеше бастапқы (ең төменгі) бағаны қамтуы мүмкін; 25. Аукциондар олардың өткізілетіндігі туралы көпшілік хабарланған күннен бастап он күнтізбелік күннен бұрын өткізілмеуі тиіс". 37-бап мынадай редакцияда жазылсын: "37. Сауда-саттықтар өткізу туралы ақпараттық хабарлама сауда-саттықтарды өткізуден кемінде 10 күн бұрын ресми басылымдарда қазақ және/немесе орыс тілдерінде жариялануы тиіс". 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |