Жекеше нотариустарды есептік тіркеу тәртібі туралы Қазақстан Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 ж. 13 желтоқсандағы № 264 бұйрығына осы бұйрығының күші жойылды 1. Жекеше нотариустарды есептік тіркеу тәртібі туралы осы Ереже (әрі қарай - Ереже) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес дайындалған және сынақтан өткен және заңмен белгіленген тәртіпте нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар жекеше нотариустарды есептік тіркеу тәртібін белгілейді. 2. Жекеше нотариустарды есептік тіркеу (әрі қарай - есептік тіркеу) олардың нотариалдық аймақта қызмет етуінің аумағын анықтау және жекеше нотариустар туралы мағлұматтар банкін құру мақсаттарында жүзеге асырылады. 3. Есептік тіркеу жасырын сипатта болады және жекеше нотариустарды аумақтық әділет органында есепке қоюдан тұрады. 4. Жекеше нотариус есептік тіркеуден өту үшін аумақтық әділет органына белгіленген нысан бойынша өтініш береді (№ 1 қосымша). Өтінішке: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген, нотариалдық қызмет жасау құқығына лицензияның; 2) жекеше нотариусты салық органында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің; 3) азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру туралы шарттың; 4) төлқұжаттың (жеке куәліктің); 5) жоғары заңгерлік білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмелерінің бір-бір даналары қоса беріледі. Өтінішке белгіленген нысан бойынша толтырылған жеке сауал-сұрақ (№ 2 қосымша) және жекеше нотариустың үйінің мекен-жайын растайтын құжатта қоса беріледі (АІІБ-нен тұратын жерінен анықтама немесе ПМИК-нен № 3 нысан бойынша анықтама); 6) еңбек кiтапшасы. Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы № 78 бұйрығымен. 5. Өтініш берілген күнінен бастап үш күн аралығында әділет органының қарауына жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|