|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақта: "Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға Кешубаев Ғалиаусат - Қазақстан Республикасы Қайырбекұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары Бектасов Әбен Ағыбайұлы - Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға Бектасов Әбен Ағыбайұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс вице-министрі, төрағаның орынбасары Кешубаев Ғалиаусат - Қазақстан Республикасы Премьер- Қайырбекұлы Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары"; Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін: "Өмірбаев Әділхан - Қазақстан Республикасының Әбдірахманұлы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары - Атқарушы директоры"; Александр Сергеевич Судьин, Рашид Алтайұлы Аманжолов көрсетілген құрамнан шығарылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру комиссиясы туралы ережеде: ІІ "Негізгі міндеттері" деген тараудың 4-тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "2000 жылдың басынан бастап ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі проблемалары жөнінде (2000 жылдың проблемасы) Үкіметке материалдар дайындау; ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тілде жұмыс істеуі процестерін үйлестіру"; ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тарау мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын: "12. Комиссияның жұмыс органының функциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жүктелсін". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |