|
|
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Республикалық ақпараттық-техникалық орталығын (2006.04.12. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 850 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат) сәйкес және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi органдарының құрылымын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Республикалық ақпараттық-техникалық орталығы қолданылып отырған қаржыландыру тәртібін 1997 жылдың аяғына дейiн сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпараттама және жағдайлық талдау жөніндегі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта құрылсын. 2. Мемлекеттік басқарудың өкiлеттi органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi қызметiн атқаратын орган болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi белгiленсiн. 3. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi болып мыналар белгiленсiн: төтенше және авариялық жағдайлар саласында ақпаратты жинау, өңдеу және жағдайлық талдау жөніндегі арнаулы жұмыстарды орындау, табиғи және техногендiк сипаттағы талдамалық және ретроспективтiк шолуларды әзiрлеу; төтенше жағдайлар бойынша республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiн құру және дамыту; төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік есеп жүргiзу; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi жүйесiне есептеу және басқа да ақпарат құралдарын монтаждау, iске қосу жұмыстарымен және жүйелiк-техникалық қызмет көрсету. 4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi бiр апта мерзiмде Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оның белгiленген тәртiппен тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп, заңда белгiленген тәртiппен тiркелгеннен кейiн, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгiзсiн. 6. ҚР Үкіметінің 2006.04.12. № 1164 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің мiндетiн атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |