|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесі: "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" бөлімі, 31 "Сотталғандарды және тергеудегі тұтқынға алынған адамдарды ұстау" деген бағдарлама мынадай мазмұндағы 30-кіші бағдарламамен толықтырылсын: "30 Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторлары"; 2) аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелерге қайта тіркеуге жататын республикалық бағдарламаларды орындаушы мекемелердің тізбесі: "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы "реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын: "14 Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторлары". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |