|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы және "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 217-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 3-тармақта: үшінші абзац "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар" деген сөздермен толықтырылсын; төртінші абзац "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған жәрдемақылар" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |