|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 6, 40-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiнде: 23-тармақта: бiрiншi абзацтағы "және Кеңсеге енгiзедi" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Бұл ретте әзiрлеушi түпкiлiктi нұсқасын дайындау процесінде мiндеттi түрде және толық көлемде мемлекеттік органдардың өзi келiскен және заң техникасы бойынша ескертпелерiн жояды. Жобаның аталған нұсқасы виза қою жолымен мүдделi мемлекеттік органдармен (жобаны келiсуден бас тартылған жағдайларды қоспағанда) келісіледi және Кеңсеге ұсынылады."; екiншi абзацтағы "келiспеген жағдайда" деген сөздер "Бұл ретте әзiрлеушi ескертпелермен және ұсыныстармен келiспеген жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын: "40-1. Қазақстан Республикасының Парламентiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзген заңдардың жобасын ұсынушы уәкiлеттi тұлғаларға оларды қарау кезiнде заңның тұжырымдамасына құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты және мемлекеттік кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды арттыруды көздейтiн өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге Үкiметпен келiспестен келісім білдiруге тыйым салынады. Көрсетiлген өзгерістер мен толықтыруларды қарау кезiнде Қазақстан Республикасының Парламентiнде тиiстi заң жобасын ұсынушы мемлекеттік органдардың бiрiншi басшылары дереу Премьер-Министрдің Кеңсесіне бұл өзгерістер мен толықтырулар туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Қазақстан Республикасының Парламентінде тиісті заң жобасын ұсынатын мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкіметтің келісуінсіз көрсетілген негіздемелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келіскені үшін жауаптылықта болады. Парламентарийлер көрсетілген негіздемелер бойынша Үкіметпен келісілмеген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салған жағдайда заң жобаларын ұсынушы тұлғалар Мәжілістің стенограммасында өзінің қарсылығын көрсетуді талап етуге және Премьер-Министрдің Кеңсесіне осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға міндетті.". 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |